
15 сәуір 2025
Осы мақаламен бөлісіңізАкадемиялық ортада қалай адал болып қалуға болады, өз ұстанымдарыңнан аттамай, қалай мансап қууға болады, дұрыс көшбасшы деген кім, тығырықтар мен мүмкіндіктер әлемінде қалайша өзіңді жоғалтып алмауға болады?
Осы және тағы да басқа маңызды тақырыптарды студенттер мен оқушылар бесінші Integrity Forum-да талқылады.
Бұл шара жыл сайын өтіп тұрады, оны NU-дың студенттік үкімет ұйымдастырып отыр. Форум екі күнге созылып, бірінші күні шақырылған спикерлермен панельдік пікірсайыс өтсе, екінші күні жүлде қоры ретінде 600 мың теңге тігілген кейс-чемпионат өтті.
Шараға 130 білім алушы жиналды. Биыл форум “Толық адам: таза ой, адал іс” тақырыбына арналды, ол Абай Құнанбайұлының пәлсапасына негізделген.
Форум басында NU Orchestra нөмір қойып, салтанатты түрде шараны ашты. Одан кейін NU президенті Вакар Ахмад, вице-провост Лоретта О’Доннелл алғысөз сөйледі. Студенттік үкіметтің сыртқы істер вице-министрі Балғын Оразалы мен студенттік үкіметтің бұрынғы президенті Аяна Батырбаева сессияға модерация жасады.
Кейс-чемпионатқа 31 команда тіркеліп, оның 15-і финалға өтті, соңғы кезеңде олар академиялық адалдық бойынша мәселе туындап отқан “Жібек жолы университеті” қатысуымен ойдан құрастырылған сценарийге инновациялық шешімдер ұсынуы керек болатын. Қатысушылар берілген сценарийге талдау жасап, жүйедегі кемшіліктерді анықтап, тиімді шешімдер ұсынуы қажет болған. Нәтижесінде қазылар алқасы үш команданы жеңімпаз ретінде таңдады: бірінші орынды иеленген “Goose” командасы 300 мың теңге ұтты, күміс алған “Wassup” командасы 200 мың теңге ұтты, ал үшінші орынға ілінген “DAS Alliance” тобы 100 мың теңге олжалады. Командалар құрамы әртүрлі болды, олардың қатарында NU, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, QSI халықаралық мектебі, Astana Garden School және Астана халықаралық мектебі болды.