барлық жаңалықтар
28 ақпан 2025 #NUstudents

IEEE ML Hackathon: женімпаздар үздік компанияларда тағылымдамадан өтеді

IEEE ML Hackathon: женімпаздар үздік компанияларда тағылымдамадан өтеді

28 ақпан 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

IEEE -дің - техникалық кәсіпқойларға арналған әлемдегі ең ірі кәсіби ұйымының Студенттік бөлімі NU-дың тарихындағы ең ірі Machine Learning (ML) Хакатонын 22-23 ақпанда өткізді.

Байқауды университеттің технология саласымен байланысын нығайту мақсатымен әуесқойлар, негізінен Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) Электротехника  және компьютерлік инженерия кафедрасының студенттері ұйымдастырды.

Хакатон NU және Astana IT University студенттері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Оған 71 командаға бөлінген 270-тен астам студент қатысты. Екі күнге созылған ауқымды жарыста қатысушылар жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген күрделі тапсырмаларды орындап, KPMG, Sergek Group және Desht Lab ұсынған индустриялық кейстерді шешті.

"Техникалық тапсырмалар әзірлеп, командалардың жұмысын бағалап, демеушілік көрсеткен компанияларға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, іс-шараны қолдаған Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасындағы әріптестерімізге ризашылығымыз шексіз. Бірақ ең үлкен алғыс – қажырлы еңбегі мен шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Назарбаев Университетінің IEEE Student Branch мүшелеріне", – деді NU SEDS ассистент-профессоры, IEEE Kazakhstan Sub-Section төрағасы Карло Моларди.

Марафон нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында әртүрлі пәндердің студенттері: компьютерлік ғылымдар, электротехника  және компьютерлік инженерия мен математика. KPMG өз жеңімпаздарына ақылы тағылымдамалар ұсынса, Sergek Group ақшалай жүлделермен марапаттады, ал Desht Lab тағылымдамамен қатар қаржылай сыйақы тағайындады.

1-орын иегерлерін құттықтаймыз:

KPMG Hackathon

Алина Закерьянова – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS

Артём Щербаков – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS

Аружан Ошақбаева – 4 курс, Математика, NU SSH

Даниал Сахпантаев – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS

Нұрсұлтан Атымтай – 3 курс, Компьютерлік ғылымдар, NU SEDS

Sergek Group Hackathon

Әділхан Алпысбай – 3 курс, Электротехника және компьютерлік инженерия, NU SEDS

Ануарбек Бектеміров – NU CPS

Арсен Әбулғазымов – NU CPS

Desht Lab Hackathon

Ерназар Ермұратов – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU

Алёна Абайдулина – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU

Дана Даменова – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU

Амир Абдыкәрімов – 3 курс, Үлкен деректерді талдау, AITU

 

Ұқсас жаңалықтар