барлық жаңалықтар
25 сәуір 2025 Оқиғалар#NUstudents#NUnews

IdeaThon 2025: қазақстандық студенттер мен оқушылар бизнес-тапсырмаларды шешті

IdeaThon 2025: қазақстандық студенттер мен оқушылар бизнес-тапсырмаларды шешті

25 сәуір 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Жыл сайын өтетін IdeaThon шарасының биылғы легіне 150-ден астам студент, түлек, жас маман және оқушы жиналды.

Қатысушылар 44 командаға бөлініп, олардың әрқайсысы 24 сағатта 6 кейсті шешуі керек болды.

Олар бизнес және әлемуетттік жобалар деген екі бағыт бойынша өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынды. 

Хакатонды дәстүрлі түрде NU түлектері қауымдастығы корпоративтік «Әлеуметтік даму қорының» қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Қатысушылар алты компания берген кейстер бойынша тапсырмаларды орындады. Әр команда бір кейстен алып, белгіленген уақыт ішінде идеядан презентацияға дейін шешім ойлап тапты. Әр трек бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлық алды:

1-орын — 300 000 тг
2-орын — 200 000 тг
3-орын — 100 000 тг

Одан бөлек шара серіктестері қатысушыларға мерч, сертификаттар сыйлап, тағылымдама бойынша ұсыныстар жасады.

Биыл IdeaThon 2025 масштабы кеңейді. Бірінші рет хакатонға №9 «Зерде» мамандардырылған мектебі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, MNU, Astana IT University, «AlfaSystems» ЖШС, Canadian International School және Riviera International School білім ордаларынан қатысушылар келді. Осылайша, шараның арқасында студенттер, түлектер мен жас бизнес өкілдері тәжірибе жинап, идея алмасуға мүмкіндік алды.

 

Ұқсас жаңалықтар