барлық жаңалықтар
27 наурыз 2025 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

ICEF Еуразия 2025 – білім саласындағы көшбасшылыққа жаңа қадам

ICEF Еуразия 2025 – білім саласындағы көшбасшылыққа жаңа қадам

27 наурыз 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Университет делегациясы ICEF Еуразия 2025 шарасына қатысты.

Ыстанбұлда өткен жаһандық шарада Шығыс Еуропа, Кіші Азия, Кавказ бен Орталық Азия өңірлерінен 30-дан астам елдің білім саласы өкілдері бас қосты. Жалпы шараға 100-ден астам оқу орны қатысты.

NU атынан Инженерия және цифрлық ғалымдар мектебінің доценті Майкл Льюис пен Студенттерді оқуға тарту департаментінің аға менеджері Салидат Кобзина барды.

Қатысушылар студенттермен алмасу, жаһандық білім саласындағы стратегиялар бойынша соңғы үдерістерді талқылады, сондай-ақ негізгі халықаралық білім стейкхолдерларымен байланыс орнатты. Оған қоса, NU делегаттары еуразиялық студенттер үшін акадмиялық бағдарламалар мен университет беретін мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бағдарлама аясында түрік мектептерінің оқушыларымен кездесу өтіп, олар NU-дағы студенттік өмір туралы толғырақ ақпарат алды. 

Осылайша, NU Орталық Азиядағы ең мықты университет ретіндегі мәрнтебесін бекітіп, институционалдық серіктестік орнатып, жоғары білім саласындағы әріптестікті кеңейтті. 

Ұқсас жаңалықтар