барлық жаңалықтар
5 мамыр 2025 #NUgoesGLOBAL#NUnews

Home Away From Home – NASPA мойындаған бастама

Home Away From Home – NASPA мойындаған бастама

5 мамыр 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Nazarbayev University (NU) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен беделді MENASA Area Merit Awards халықаралық рәсімінде Үздік инновациялық тәжірибесі үшін алтын жүлдеге ие болды.

Бұл марапат NU-дың Интернационализациялау департаменті әзірлеген “Home Away from Home” бағдарламасын сәтті жүзеге асырғаны үшін берілді.

Бағдарлама студенттердің академиялық қабілеттерін ашып, жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етуге бағытталған. “Home Away from Home” халықаралық студенттерге инклюзивті, ыңғайлы және мәдени тұрғыдан бай білім беру ортасын құруға ықпал ете отырып, жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл бағдарлама арқасында кампуста көптеген іс-шара өтеді, олардың ішінде университет қауымдастығының мәдени әртүрлілігін құрметтеуге бағытталған жақсы дәстүрге айналған World on Wednesdays (WOW) бастамасы бар.

Жобаны Интернационализациялау департаментінің халықаралық студенттермен және мамандармен жұмыс жөніндегі басшысы Арай Саниязова бастаған.

Сонымен қатар осы номинация бойынша Қатардың қаржы және бизнес академиясы – Нортумбрия университеті «Catalyzing Student Entrepreneurship: Enterprise Hub» бағдарламасы үшін екінші орынды олжалады.

MENASA Excellence in Innovative Practices студенттерді тарту мен олардың табысқа жетуіне ықпал етудің шығармашылық және тиімді тәсілдерін атап көрсетеді. Ол кампус негізінде студенттік тәжірибені байыту үшін жаңа идеяларды, әдістерді немесе технологияларды енгізетін бағдарламаларды немесе бастамаларды анықтайды.

MENASA Area Merit Awards сыйлығын АҚШ-та орналасқан Студенттермен жұмыс жөніндегі мамандардың ұлттық қауымдастығы (NASPA) ұйымдастырады. NASPA бүкіл әлем бойынша 2,1 мыңнан астам оқу орнынан 15 мыңнан астам маманды біріктіреді, олар студенттерді жетілдіруге және қолдауға ұмтылады. NASPA жанындағы MENASA Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Оңтүстік Азия аймақтарын, соның ішінде Қазақстанды қамтиды.

Бұл сыйлық – NU-дың инклюзивті, қолдау көрсететін және халықаралық бағдарланған академиялық қоғамдастық құруға деген міндеттемесінің дәлелі.

 

Ұқсас жаңалықтар