
2 тамыз 2019
Осы мақаламен бөлісіңізНазарбаев Университеті 2019 жылдың 22 шілдесінде (НУ) Цинхуа Университетінің (ҚХР) 19 студенті мен 2 оқытушысын Жаһандық мәдени бойлау бағдарламасының аясында қарсы алды.
Назарбаев Университеті 2019 жылдың 22 шілдесінде (НУ) Цинхуа Университетінің (ҚХР) 19 студенті мен 2 оқытушысын Жаһандық мәдени бойлау бағдарламасының аясында қарсы алды.
Қарқынды екі апталық академиялық бағдарлама (2 ECTS кредиті бар) қатысушыларды Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен таныстыруға бағытталған. Студенттер әлеуметтік және саяси үдерістерді зерделеп, сабақ барысында келесі тақырыптарды қарастырды:
Сонымен қатар, студенттер Нұр-Сұлтан қаласы мен Бурабай ұлттық паркіндегі туристік орындарға барып, НУ еріктілері ұйымдастырған әртүрлі іс-шараларға қатысты.
«Қазақстан мен бұрын елестеткен елге ұқсамайды. Бұл – тарихы мен мәдениеті бай, заманауи, ашық мемлекет».
«Біздің бағдарламамызды белсенді ұйымдастырғаны үшін мұғалімдер мен еріктілерге үлкен рахмет. Мен осында уақытымды керемет өткізіп, көп нәрсеге үйрендім. Сіздердің қонақжайлылығыңыздың арқасында біз өзімізді үйдегідей сезіндік».
«Қала бойынша серуендер мен бағдарлама барысындағы іс-шаралар керемет өтті. Бұл Қазақстанның тарихы мен мәдениетін бейресми жағдайда зерттеуге өз көмегін тигізді».
«Бұл бағдарлама әр түрлі, инклюзивті және көп қырлы. Ең жағымды бөлігі – еріктілермен қарым-қатынас жасау, өйткені бұл бізге өзара пікір алмасуға мүмкіндік береді».
* Назарбаев Университеті мен Цинхуа Университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2017 жылғы 19 мамырда қол қойылған.