26 қаңтар 2021
Осы мақаламен бөлісіңізНазарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы НУ түлектеріне алғашқы жыл сайынғы сыйлықтың тағайындалғаны туралы жариялады. Сыйлық Университеттің бастамашыл және ерекше көзге түскен түлектеріне берілетін болады.
«Біз «Жыл түлегі» сыйлығына үміткерлерді ұсыну және іріктеу процесіне НУ-дың бүкіл қоғамдастығын тартқымыз келеді. Университет қоғамдастығының кез-келген мүшесі НУ түлектерінің кез-келгенін ұсына алады және жыл бойы өзінің үлгісімен және жұмыс нәтижелерімен шабыттандырған, біздің альма-матердің үздік өкілі болуға лайық деп санайтын адамды ұсыну мүмкіндігіне ие болады», - деп атап өтті «NU Alumni» қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Арман Қоңқобай.
Қазіргі кезде үміткерлерді іріктеудің бірінші кезеңі – марапатқа үміткерлерді ұсыну аяқталды. Келесі кезең – түрлі номинациялар бойынша марапаттарға дауыс беру. Іріктеу онлайн режимінде өтеді және 2021 жылдың 6 ақпанына дейін жалғасады. Бұл кезеңде НУ түлектері ғана дауыс беруге қатыса алады. Финалистер 7 ақпанда анықталады, содан кейін НУ-дың түрлі департаменттерінің өкілдерінен тұратын сыйлықтың қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпаздарды таңдайды.
Сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 1 наурызға белгіленді.
«Жыл түлегі» сыйлығының номинациялары: