11 қазан 2023
Осы мақаламен бөлісіңіз10-12 қазанда NU негізін қалаушы президенті Дамушы нарықтар форумының 16-шы жаһандық кездесуге қатысты.
Жыл сайынғы шара биыл Марракеште (Марокко) Жаңа Оңтүстік саясат орталығымен бірлесіп өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қорының жыл сайынғы кездесулерімен тұспа-тұс келіп, «Климаттың өзгеруі, теңсіздік және жаһандық бөлшектену мәселелерін шешу үшін басқаруды күшейту» тақырыбына арналды.
Бұл жиын жаһандық мәселелерді экономикалық және геосаяси тұрғыдан зерттеуге арналған алаң ретінде қызмет етеді. Халықаралық форумға мемлекеттік қызметкерлер, банк басшылары, ғалымдар, жеке сектор өкілдері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Биылғы кездесуде климаттық қаржыландыруға, теңсіздікпен күресуге, дамып келе жатқан экономикалардағы басқаруды жақсартуға және көпжақты жүйені реформалауға баса назар аудара отырып, дамушы нарықтардың жаһандық экономикалық болжамы, климаттың өзгеруі талқыланды. Бұл іс-шара диалогты дамытып қана қоймай, өзекті жаһандық проблемаларды шешуде және тұрақты экономикалық дамуды құруда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Шигео Катсу Дамушы нарықтар форумының (EMF) негізін қалаушы директоры және бас атқарушы директоры Хариндер С. Кохлимен және Халықаралық валюталық саясат институтының президенті Хироси Ватанабэмен сахнаны бөлісе отырып, «Жаһандық саяси және экономикалық көзқарас» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты.
«Жаһандық басқаруды – АҚШ, Қытай немесе Ресей атты алпауыт державалардың қолында ғана қалдыруға болмайтыны - бүгінгі маңызды мәселе. Сондықтан адамзаттың ортақ игілігін құрайтын нәрселер туралы шешімдерді басқа елдер, ұлттар мен өсіп келе жатқан мемлекеттік емес субъектілер қабылдау керек. Бұл бастамаларды «орта державалар» деп аталатындар өз қолдарына алып, әртүрлі жолдарды, ауыспалы архитектураны табуға, бірлесіп әрекет етуге міндетті», - деп Шигео Катсу атап өтті.
Мароккоға сапары барысында Шигео Катсу сонымен қатар Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының (PIF) вице-президенті Фади Аль-Шаммаримен кездесіп, Назарбаев университетінде жасанды технологиялар саласындағы даму мен зерттеулерді қаржыландыру үшін күштерді біріктіру әлеуеті мен мүмкіндіктерін талқылады. Сауд Арабиясының экономикалық трансформациясындағы маңызды рөл атқаратын PIF-тің өршіл стратегиясы экономиканы көтеруге көмектесуде. PIF қазіргі уақытта стратегиялық серіктестіктер арқылы жаһандық секторлар мен нарықтарға инвестициялау арқылы халықаралық активтер портфелін кеңейтуді қарастыруда.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025