барлық жаңалықтар
16 маусым 2025 ##NUnews

Академиялық жылдың негізгі жетістіктері

Академиялық жылдың негізгі жетістіктері

16 маусым 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Nazarbayev University (NU) 2025 жылғы түлектерін құттықтай отырып, академиялық табыстарға, инновациялық зерттеулерге және жаһандық әріптестікке толы ерекше оқу жылын қорытындылауда.

Академиялық жетістіктер және халықаралық мойындау

NU Азиядағы үздік 150 жоғары оқу орнының қатарында өз орнын сақтап, Орталық Азиядағы көшбасшы университет ретінде қалуда. Times Higher Education пәндік рейтингтерінде NU елеулі алға ілгеріледі – білім беру саласы бойынша әлемдік ТОП-200 қатарына енді. Scopus журналдарында жарияланған материалдары саны 10 мыңнан асты. Стэнфорд университеті (2024 жылғы тамыз) жариялаған рейтингіне сәйкес, NU-дің 35 профессоры әлемдегі ең көп дәйексөз келтірілетін ғалымдардың үздік 2%-на кірді.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

Лидс университетімен стратегиялық әріптестік орнатылды. Хоккайдо университетімен бірлескен зерттеу жобасы Жапония үкіметінен 3,2 миллион АҚШ доллары көлемінде грант алды. Бұл бастамалар NU-дың жаһандық академиялық экожүйеге тұрақты интеграциясын көрсетеді.

Оқытушылар мен студенттердің жетістіктері

Профессор Жұмабай Бәкенов және оның зерттеу тобы Қ.Сәтпаев атындағы марапатқа ие болды. Ал NU студенттік командасы iGEM 2024 беделді халықаралық байқауында «Онкологиядағы үздік жоба» номинациясын жеңіп алды. Университет еліміз бойынша 2000 жас зерттеушілерді тарту және ұстап қалу арқылы ғылымның дамуына қолдау көрсетіп жатыр.

Ғылыми жаңалықтар мен инновациялар

NU және UMC Ұлттық кардиохирургиялық орталығының мамандары Қазақстандағы 100-ші жүрек трансплантациясын сәтті жүзеге асырды.  Expo 2025 Осака көрмесінде университет ALEM атты ағзаны сақтаудың келесі буынының жетілдірілген жүйесін таныстырды. Басқа серпілістерге ISSAI KAZ-LLM бірінші қазақтілді үлкен тіл моделінің іске қосылуы жатады. Сонымен қатар NU ғалымдары халықаралық зерттеу тобымен бірлесіп, меланоманы емдеуді жақсартатын жаңа препараттарды әзірлеуде. Тағы бір ғылыми топ Қазақстанда алғашқы отандық микрочип дизайнын жасады. 

Кәсіпкерлік және стартап жүйесі

NU студенттік кәсіпкерлікті белсенді түрде қолдайды. NU-дің  Әлеуметтік даму қорының арқасында үш стартап – Parqour, Aidentis және TrustExam.ai – Стэнфорд университетімен байланысты беделді StartX акселераторына таңдалды.

Бұл жетістіктер NU-дың академиялық білім беру сапасына, ғылыми жаңашылдыққа және жаһандық әсерге деген ұмтылысын көрсетеді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар