барлық жаңалықтар
19 сәуір 2024 Оқиғалар#NUgoesGLOBAL

Якутия Үкіметінің делегациясы NU-ға келді

Якутия Үкіметінің делегациясы NU-ға келді

19 сәуір 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады.

Саха (Якутия) Республикасы Үкімет төрағасының орынбасары Анатолий Семенов бастаған осы елдің Үкіметінің делегациясы NU кампусына сапармен келді. Университетімізге алғаш рет келген қонақтарды Вице-президент  Қадиша Даирова қарсы алды. Ол NU-дың тарихы мен миссиясы, негізгі ғылыми жетістіктері мен даму перспективалары туралы айтты.

Якутия Үкіметі төрағасының орынбасары өз республикасындағы білім мен ғылымның дамуы туралы хабарлады. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту жолдарын тақылады. Қонақтарға NU-дың бас жоспары көрсетіліп, кампус туралы ақпарат берілді, сонымен қатар NU мақтан тұтатын бай кітапханасы көрсетілді.

Іскерлік танысу кездесуі 17-23 сәуір аралығында Астана және Алматы қалаларында өтіп жатқан Якутияның Қазақстандағы күндері аясында өтті. 19 сәуірде Якутия Президенті Айсен Николаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Мемлекет басшылары сауда, мәдениет, білім және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды талқылады.

Ұқсас жаңалықтар