
11 наурыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңіз7 ақпан күні NU-да «Дармарка» экологиялық бастамасы өтті, оның мақсаты – заттарды қайта пайдалану және қалдықтардың мөлшерін азайту.
Іс-шараны Тұрақты даму офисі мен USM ұйымдастырды.
Іс-шара аясында қатты көнермеген көптеген зат жиналды, олардың ішінде киім, ойыншықтар, үстел ойындары, пластик ыдыс-аяқ, қағаз, картон, мерзімі өткен дәрілер, пакеттер және батарейкалар болды. Барлық жиналған зат қайырымдылық ұйымдарына және қайта өңдеуге жіберілді.
Іс-шараның жүзеге асырылуына LikeKomek компаниясы елеулі үлес қосты, ол қалдықтарды ұйымдастыру және қайта өңдеу бойынша қолдау көрсетті. Сондай-ақ «Жер амбассадорлары» жобасынан волонтер мектеп оқушылары белсенді қатысып, жинау және сұрыптау жұмыстарына көмек көрсетті.
Қатысушылардың біріктірілген күш-жігері арқасында тек қалдықтардың көлемі азайтып қана қоймай, заттар екінші өмірге ие болды. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, әр адамның қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.