барлық жаңалықтар
30 мамыр 2025 ##NUgoesGLOBAL##NUnews

БҰҰ-ның технологиялар жөніндегі арнаулы өкілі мен NU ISSAI өзара ынтымақтастық орнатпақ

БҰҰ-ның технологиялар жөніндегі арнаулы өкілі мен NU ISSAI өзара ынтымақтастық орнатпақ

30 мамыр 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының цифрлық мәселелер және озық технологиялар жөніндегі арнаулы өкілі Амандип Сингх Гилл NU-ға келді.

Амандип Сингх Гилл мырза ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен және университет басшылығымен, оның ішінде вице-президент Дархан Биляловпен кездесті. Кездесу барысында цифрландыру, жасанды интеллект, ғылыми зерттеулер және адами капиталды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қаралды. Әсіресе, жоғары білім жүйесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, жас зерттеушілерді қолдау және инклюзивті цифрлық экожүйе қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Гилл мырза Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (NU ISSAI) жұмысымен де танысты. Институттың бас директоры, профессор Атакан Варол бірнеше негізгі жобаларды таныстырды. Олардың қатарында үлкен тілдік модель KazLLM, дыбыстық модель SoyleApp2, аудио-визуалды платформа Oylan2 және мәтінді сапалы бейнелерге айналдыратын көптілді Beynele моделі бар. БҰҰ өкілі институт жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Сапар соңында Гилл мырза студенттерге арнап лекция оқыды. Ол ашық бастапқы кодты технологиялардың маңыздылығы мен БҰҰ-ның жасанды интеллект саласындағы бастамалары туралы айтып берді.

«БҰҰ технологияларды тұрақты дамуға серпін беретін құрал ретінде қарастырады. Мысалы, Үндістанда жүздеген миллион адам қаржы жүйесіне кірмеген болатын. Цифрлық әлеуметтік инфрақұрылым мен деректер алмасуының арқасында бұл үдеріс 40 жылдың орнына небары 6–7 жылда жүзеге асты. Бұл шағын бизнестің, әйел кәсіпкерлер мен көше сатушыларының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті», — деді ол.

 

Ұқсас жаңалықтар