
15 мамыр 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNU-да жоғары оқу орындарының академиялық мәселелер жөніндегі және цифрландыру мәселелері жөніндегі проректорлар, сарапшылар мен зерттеушілердің қатысуымен семинар өтті.
Олар Болон процесі шеңберінде біліктіліктерді танудың шешуші аспектілерін талқылады. Ұйымдастырушылар Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы, Жоғары білімді реформалау ұлттық сарапшылар тобы (HERE) болды.
Семинардың ашылуына NU Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич және басқа да қонақтар қатысты.
Семинарда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі трансформация кезеңінен өтіп жатқаны, оның аясында білім беру қызметтерінің экспортын кеңейтуге мүмкіндік беретін халықаралық білім беру хабы құрылып жатқаны айтылды. Министрлік 2029 жылға қарай шетелдік студенттердің санын 100 мың адамға жеткізуді, Болон процесі аясында қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді жоспарлап отырғаны жайлы айтылды.
Қатысушылар Қазақстанның ұлттық біліктіліктер жүйесі, ЖОО-дағы біліктіліктерді бағалаудағы цифрлық трансформация, сондай-ақ үздіксіз медициналық білім беру нәтижелерін тану және т.б. тақырыптарды қарастырды. Семинар қазақстандық тәжірибені дамушы еуропалық стандарттарға сәйкестендірудегі маңызды қадам болды. Бұл, әсіресе, жоғары білім беру саласында, соның ішінде шағын несие және цифрлық оқыту форматтарының өсуі қарқынды өзгерістер болған кезде өте маңызды.