2 шілде 2025
Осы мақаламен бөлісіңізБүгінгі таңда Орталық Азиядағы басқару тәсілдері өзгерген сайын, мемлекеттік саясаттың анық және нанымды түсіндірілуі ерекше маңызды.
Times Higher Education басылымында жарық көрген мақаласында Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің ассистент-профессоры Лиза Лим болашақ қоғам қайраткерлерінің азаматтарды жұмылдырып, сенім орнатып және күрделі саяси процестерді тиімді жүргізу үшін қандай маңызды коммуникациялық дағдыларды меңгеруі қажет екенін зерттейді.
Доктор Лим өзінің магистратура деңгейіндегі Мемлекеттік басқарудағы коммуникация атты курсына сүйене отырып, саяси сөз жазу, авторлық мақала (op-ed) дайындау және медиа стратегияны үйретуге арналған практикалық құрылымды ұсынады. Оның тәсілі классикалық риторикалық қағидалар мен заманауи әдістерді біріктіре отырып, мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардағы тәжірибелі мамандарға күрделі саясатты жұртшылыққа түсінікті, сенімді түрде жеткізуге мүмкіндік береді.
Доктор Лимнің айтуынша, Орталық Азияда жаңа буын қоғамдық көшбасшыларды қалыптастыру үшін техникалық білім жеткіліксіз. Ол үшін қоғаммен диалог орната алатын, демократиялық қатысуды дамытуға бағытталған сенімді әрі инклюзивті баяндау тәсілдері қажет. Оның сөзімен айтқанда: «Егер жақсы саясат дұрыс жеткізілмесе, оның мәні жоғалады».
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025