22 тамыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізБолашақ энергиясы және ақылды технологиялар: NU-да BRI конференциясы басталды
Nazarbayev University (NU) қабырғасында тұрақты энергетикалық материалдар мен интеллектуалды технологияларға арналған «Бір белдеу, бір жол» (BRI) конференциясы өтіп жатыр. Іс-шара NU-дың Қытайдағы серіктес университеттерімен бірлесе ұйымдастырылды.
Іс-шараның ресми ашылуын Қытай Халық Республикасының Елшілігінің бірінші хатшысы Липин Ню, NU президенті профессор Вакар Ахмад және Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (SEDS) деканы Елизавета Архангельская жүргізді.
Конференцияға жетекші зерттеушілер, өнеркәсіп сарапшылары және BRI серіктес елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері жиналып, жаһандық энергетикалық сын-қатерлерді талқылау, озық инновацияларды көрсету және трансшекаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастыруда.
NU президенті профессор Вакар Ахмад конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде талқыланып отырған тақырыптың маңызын атап өтті:
«NU қабырғасында және тұрақты энергетикалық материалдар мен интеллектуалды технологияларға арналған осы маңызды “Бір белдеу, бір жол” конференциясында сіздердің баршаңызды қарсы алу – мен үшін үлкен құрмет. Бұл – ғылым мен білім саласында жаһандық маңызы бар, біз елеулі құзыреттер мен терең білімге ие болып отырған бағыт. Алдағы үш күндегі талқылаулар мен ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестікке, сондай-ақ неғұрлым тұрақты әрі өзара байланысқан болашақты бірлесе құру ісіне ұзақ мерзімді үлес қосатынына сенімдімін».
Конференция NU-дың 15 жылдығына орайластырылып, университеттің өңірлік дипломатия мен халықаралық академиялық алмасудың орталығы ретіндегі рөлін айқындайды. Конференция аясында қатысушылар мынадай озық бағыттарды талқылайды:
Конференцияның академиялық серіктестері қатарында Beihang University, Soochow University, Shenzhen Technology University, The Hong Kong Polytechnic University және Қазақстанның жетекші университеттері бар.
NU-дың BRI бастамасымен тарихи байланысы 2013 жылдан басталады. Дәл сол жылы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин NU қабырғасында алғаш рет «Жібек жолының экономикалық белдеуі» тұжырымдамасын ұсынды. Бұл тарихи оқиға NU-ды Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығының басты символы ретінде орнықтырды.
7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025