барлық жаңалықтар
5 шілде 2024 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

Астанада Жібек жолы университеттер альянсының өкілдері бас қосты

Астанада  Жібек жолы университеттер альянсының өкілдері бас қосты

5 шілде 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Іс-шараға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен Альянсқа мүше болып табылатын 27 ЖОО қатысты.

2024 жылғы 4 шілдеде NU өкілдері, Вице-президент Қадиша Даирова және Интернационалдандыру департаментінің директоры Әлия Қаймолдинова Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында Жібек жолы университеттерінің альянсы ұйымдастырған халықаралық симпозиумға қатысты. Альянсқа қатысушылар жоғары білім және өндірістік интеграция саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. NU Альянстың Атқару кеңесінің мүшесі болып келеді.

Президенттің кеңесшісі Болат Ақшолақов, ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэн, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және ШЫҰ хатшылығының өкілі Нұрлан Аққошқаров құттықтау сөз сөйледі. Спикерлер Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың, білім берудің және бірлескен зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. 

Симпозиум барысында ШЫҰ-ға қатысушы елдердің білім және ғылым саласындағы жұмыс тәжірибесін қамтитын "ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастығы" кітабының тұсаукесері өтті. Оған қоса, симпозиум барысында ШЫҰ мүшелерінің жоғары оқу орындарының көрмесі өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар