барлық жаңалықтар
11 қараша 2024 #Оқиғалар##NUnews

VI Халықаралық энергия үнемдеу форумы аяқталды

VI Халықаралық энергия үнемдеу форумы аяқталды

11 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-да VI Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Оның мақсаты – мемлекет, бизнес және қоғам арасында ынтымақтастық орнату арқылы энергия тиімділігі жоғары экономикаға көшу үдерісін жеделдету.

NU Президенті профессор Вакар Ахмад құттықтау сөзінде энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. "Шынайы прогресс ынтымақтастық пен инновацияға байланысты, оған NU мақтанышпен қатысады. Қолданбалы зерттеулер, инновациялық жобалар мен қоғаммен жұмыс істеу арқылы біз NU қоғамдастыққа нақты экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, тұрақтылықтың маңыздылығын арттырамыз. Біз экологиялық саналы көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеп, бірге тұрақты болашақты құрудамыз," - деді профессор Ахмад.

Форум аясында қатысушылар Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру, тұрғын үйді терможаңғырту және өнеркәсіпті декарбонизациялау, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және энергия үнемдеу саласындағы автоматтандыру мен цифрландыру стратегияларын талқылады. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияның қаржылық механизмдері және халықаралық тәжірибе бойынша мәселелерге ерекше назар аударылды.

«Astana Business Campus» ЖШС басқарма төрағасы Өміржан Тәшімов өзінің баяндамасында «Astana Business Campus» ғылыми паркінің инновациялық кластерін дамыту тұжырымдамасын таныстырып, әлеуетті инвесторларды, серіктестерді және резиденттерді жобаға белсене қатысуға шақырды.

Форумды NU, «Әлеуметтік даму қоры» КҚ, «Astana Business Campus» ЖШС және ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің «Энергетиканы және энергия үнемдеуді дамыту институты» ұйымдастырды.

Ұқсас жаңалықтар