барлық жаңалықтар
17 мамыр 2023 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

APCDA конференциясы: «Жылдам өзгеретін әлемдегі мансапқа жаңа көзқарас»

APCDA конференциясы: «Жылдам өзгеретін әлемдегі мансапқа жаңа көзқарас»

17 мамыр 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университеті мен Азия-Тынық мұхиты мансапты дамыту қауымдастығы (APCDA) алғаш рет бірлескен гибридтік конференция өткізді.

16 мамырда Назарбаев Университетінде заманауи мансаптық даму және осы саладағы болашақ тенденциялар туралы ауқымды гибридтік конференция басталды. Шарада спикерлер ретінде халықаралық мансап орталықтарының басшылары мен кәсіптік бағдар беру саласындағы белгілі сарапшылары сөз сөйледі. 

17 мамырда конференцияның оффлайн сессиясын APCDA президенті Момоко Асака ашты. Ол 3 жыл бойы онлайн-конференциялардан кейін бұл іс-шара гибридті форматта алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Конференция 80 кездесулерді қамтыды, оған кемінде 28 елден 300-ге жуық онлайн қатысушылары қатысады. Олардың ішінде: студенттер, профессорлар, мансаптық даму, кәсіптік бағдар беру саласындағы сарапшылар және басқа да байланысты салалардың өкілдері.

Конференцияның «Жылдам өзгеретін әлемдегі мансапқа жаңа көзқарас» тақырыбы негізгі сұранысты - мансаптық даму жаңа заманауи процестерге бейімделуі керектігін көрсетеді.

Конференция барысында Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырза қатысушыларды құттықтап, университеттің стратегиялық мақсаттарын атап өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те қатысты. Ол жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы 2023-2029 жылдары Қазақстанда академиялық ұтқырлықтың өңірлік хабын құру сияқты жоғары білім саласындағы негізгі басымдықтарды атап өтті. Министр сондай-ақ Қазақстанның жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы – сала мамандарының болжамы бойынша алдағы 10 жылда өзекті болатын немесе өзектілігін жоғалтатын мамандықтар жинағы туралы айтты.

   NU академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосторы, Доктор Лоретта О'Доннелл, өз сөзінде Қазақстандағы болашақ мансаптық үрдістер туралы айтты. Ол өз сөзінде Назарбаев Университетінің тұрақсыз еңбек нарығының сын-қатерлеріне қалай жауап беретініне тоқталды және келесі негізгі мансаптық басымдықтар мен қиындықтарды атап өтті:

  • Еңбек нарығындағы өзгерістер және технология мен ЖИ-тің мансапқа әсері;

  • Оқушылардың ауыспалы дағдыларды меңгеру қажеттілігі;

  • Университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық;

  • Әртүрлілік және инклюзия;

  • Жаңа сұранысқа ие дағдылар;

  • Өмір бойы білім алу және кәсіби даму.

Сессия Норвегияның Қолданбалы ғылымдар университетінің және Дерби университеті жанындағы Халықаралық бағдарларды зерттеу орталығының профессоры, доктор Тристрам Хулидің «Қиын кезеңдегі болашақты болжау: мансаптық дамудың рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты.

APCDA конференциясы тәжірибешілер аралық алмасу және жаңа ресурстарды ашу үшін пайдалы платформа болып табылады. Бұл мансаптық өсу мамандары, студенттер, педагогтар және болашақ жұмыс пен мансаптық дамуға қызығушылық танытатын зерттеушілер үшін ұйымдастырылған шара. Гибридтік конференция 26 мамырға дейін жалғасады.

 

Ұқсас жаңалықтар