24 қыркүйек 2024
Осы мақаламен бөлісіңізНидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Нико Схермерс NU-ға келіп, оқу орнының студенттері мен оқытушыларына дәріс оқыды.
Ол Нидерланд туралы айтып, оның маңызды тарихи сәттерін атап өтті, сондай-ақ елшіліктің Орталық Азиядағы жұмысы мен ондағы басымдықтар туралы сөз етті. Оған қоса өз елі туралы қызықты ақпараттармен бөлісіп, атап айтқанда, Нидерланд спортшыларының формасы неліктен сарғылт түсті екенін түсіндірді.
«Сарғылт түс Оранж әулетінің арқасында Нидерланд елінің түсіне айналған. Оранж әулеті елдің тарихында маңызды рөл ойнаған. Сол себепті мерекелер мен спорт шаралары кезінде нидерландылықтар сарғылт түсті киім киіп, өздерінің Отанына деген сүйіспеншілігін көрсетеді», — дейді елші.
Сонымен қатар ол сәбіздің ең басында ақ түсті болғанын, ал біз білетін сарғылт сәбіз Нидерланд королінінің құрметіне жасалған селекция нәтижесі екенін әңгімелеп берді.
«Мен күнде сарғылт түсті галстук тағамын. Бұл дәстүрді Арменияда елші боп жүрген кезде бастаған едім. Уақыт өте келе түрлі елдер елшілерінің жиі бірге жиналатынын байқадым, нәтижесінде суреттерден бір-бірінен аумайтын адамдарды көресің. Менің өзгелерден ерекшеленгім келді, сол себепті Нидерланд елшісі ретінде сарғылт түсті галстук киюге шешім қабылдадым. Қазақстандағы үшінші шарама кешігіп келгенім есімде, сол кезде мені іздегендер “Біз сарғылт галстукты іздеумен болдық” деген болатын. Бұл – мен мақсатыма жеттім деген сөз», — деп бөлісті Нико Схермерс.
Студенттер келген қонаққа түрлі сұрақтар қойып, оның мансабы, Нидерланд еліндегі адам құқықтары, виза алу мәселелері бойынша білім алды.
Дәріс соңында Нико Схермерс студенттерді өз қығығушылықтары турасында еңбек етуге шақырды: «Сабаққа тек түйіндемеңізді жақсарту үшін ғана келіп жүрсеңіз, онда сіз басқаларынан асып түсе алмайсыз. Ал егер әр нәрсені жеке бастың қызығушылығынан жасасаңыз, басқаларынан еселеп асасыз. Дипломат болу мәселесіне тоқталсақ, бұл істе сіздің не меңгергеніңіз маңызды емес. Менің археолог, астроном, дәрігер әріптестерім бар, олар да дипломат болып қызмет етіп жүр», — деді елші.


7 қараша 2025
#Оқиғалар
7 қараша 2025
#Оқиғалар
5 қараша 2025
#Баспасөзде
7 қараша 2025
7 қараша 2025
5 қараша 2025