барлық жаңалықтар
1 маусым 2023 ##NUgoesGLOBAL#Баспасөзде

Әлемдік рейтингке 13 жылда кіру: Назарбаев Университеті THE жүйесіне қосылады

Әлемдік рейтингке 13 жылда кіру: Назарбаев Университеті THE жүйесіне қосылады

1 маусым 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

THE WUR симуляцияланған рейтингі нәтижелері бойынша NU ресми рейтингке биылғы күзде кіру туралы шешім қабылданды.

Назарбаев Университеті – халықаралық ағылшын тілді, зерттеу университеті, еліміздегі жоғары білім беру флагмандарының бірі. Бұл Қазақстандағы меритократия, академиялық еркіндік және адалдық қағидаттарына негізделген бірінші университет. Университеттің стратегиялық мақсаттарының бірі – британдық Times Higher Education рейтингтік агенттігі жыл сайын жариялайтын жаһандық университеттер рейтингі – Times Higher Education World University Rankings (WUR) бөлігі ретінде 2030 жылға қарай әлемдегі ең үздік 20% университеттердің қатарына кіру.

Назарбаев Университеті соңғы үш жылдары THE WUR симуляцияланған рейтингіне қатысып келеді. Олардың нәтижелері бойынша ресми рейтингке биылғы күзде кіру туралы шешім қабылданды. "THE WUR симуляциялық рейтингі бойынша біздің университет қазір алғашқы үштен бір бөлігіне жақын, ол тізімнің 75% бөлігіне кірген елдегі бірнеше университеттермен салыстырырғанда әлдеқайда жоғары. Соңдықтан оптимистік көңіл күйдеміз", - деді Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу.. Толығырақ Tengrinews материалында.

 

Ұқсас жаңалықтар