8 тамыз 2025
Осы мақаламен бөлісіңізБиыл NU-ға оқуға түсуге ниет білдірген талапкерлер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті — алдыңғы жылдармен салыстырғанда 40%-ға артық.
Жалпы саны 10 мыңнан астам адам өтініш білдірсе, соның шамамен 3 мыңы студент атанды.
NU президенті Вакар Ахмадтың айтуынша, Қазақстанда және шетелде университетке деген қызығушылықтың артуына оның әлемдік рейтингтердегі орнының нығаюы себеп болды:
— Times Higher Education (THE) халықаралық зерттеу университеттері арасындағы беделді рейтингінде NU әлемдік ЖОО-лардың үздік 24-29%-ы қатарына кіреді. Ал Университеттің Жоғары білім беру мектебі — Орталық Азиядан жалғыз өкіл ретінде әлемнің ең үздік 200 мектебінің қатарына енді. Мұндай жетістіктер шетелдік талапкерлердің де назарын аударуда: Қытай, Ресей, АҚШ, Орталық Азия мен Еуропа елдерін қоса алғанда, 45 елден жүздеген өтініш келіп түсті. Айта кету керек, биылғы студенттердің орташа IELTS көрсеткіші — 7.0, ал SAT балы — 1350.