Жобаларды дамыту қызметінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу


1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі «IT Medical service» Дирекциясы Жобаларды дамыту қызметінің аға менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Медициналық ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Тапсырыс берушінің  медициналық ақпараттық жүйесінің  дамуы бағыты бойынша бастапқы ақпаратты жинақтау және Тапсырыс берушінің талаптарын талдау;

Жобаның пәндiк саласының жоба алды зерттеуін жүргізу, University Medical Center клиникаларында бизнес процесстерді және оның ерекшеліктерін зерттеу;

Ақпараттық технологиялар және электрондық денсаулық сақтау саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жобалық құжаттаманы әзірлеу және Тапсырыс берушімен, Мекеме басшылығымен келісу;

Ақпараттық жүйенің медициналық үлгілері функционалының тестілеу әдісіне дайындық жүргізу;

Қабылдау-өткізу сынақтарына қатысу;

Тапсырыс берушімен өзара іс-қимыл жүргізу және медициналық мекемелердегі ақпараттандыру жобасының даму мәселелері бойынша сұрақтарды шешу;

Жоба барысында талаптарды өзектендіру және пысықтау;

Жүйенің талдамалық қызметтеріне, оның ішінде шоғырландырылған медициналық және қаржылық есептілікті құруға, KPI-ды автоматтандыру мен бейнелеудің талаптарын әзірлеу

4

Білімі:

Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғарғы кәсіби білім

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

 

Осы лауазымның функцианалдық бағыттарына сәйкес салаларда еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

Денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

Жобаның барлық сатысында Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдарына арналған ақпараттық жүйелерді әзірлеуге қатысу;

Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдарында ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі;

Медициналық ұйымдардағы негізгі процестерді түсіне білу;

IT саласындағы  ой-өрістің кеңдігі ( корпоративтік ақпараттық жүйелерінің қағидаларын түсіну және корпоративтік АЖ ERP, BI жұмыс істеу қағидаларының жалпы түсінігін ұғу);

Бизнес-процестерді сипаттаудың шартты белгілерін білу және қолдана алу;

Аналитикалық дағдылар, тіл табысқыштық, топта жұмыс істей білу қабілеті

6

Тіл білімі:

Мемлекеттік, орыс және ағылшын (intermediate) тілдерін білу

7

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді іріктеп алғанға дейін