Жаңа материалдар және күн энергия жүйелері зертханасының басшысы (жобаны жүзеге асыру мерзіміне), Энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығы (ЭЖМҒО), National Laboratory Astana (NLA), Назарбаев Университеті (НУ)

Түйіндемені жіберу

Жаңа материалдар және күн энергия жүйелері зертханасының басшысы (жобаны жүзеге асыру мерзіміне), Энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығы (ЭЖМҒО), National Laboratory Astana (NLA), Назарбаев Университеті (НУ)

Назарбаев Университеті – Қазақстандағы жаңа және қарқынды дамып келе жатқан университет. ЭЖМҒО – National Laboratory Astana – НУ ғылыми-зерттеу хабының жаңа материалдар мен энергетикаға байланысты ғылыми жұмыстарымен айналысатын зерттеу орталығы болып табылады. ЭЖМҒО Жаңа материалдар және күн энергия жүйелері зертханасының басшысы бос лауазымына ғылыми зерттеулерде жетістіктерге жетуді мақсат ететін үміткерлерді іздестіруде.

1

Лауазымның атауы

Жаңа материалдар және күн энергия жүйелері зертханасының басшысы

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері

Жаңа материалдар және күн энергия жүйелері салаларында ғылыми-зерттеулер және технологиялар дамыту.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

–   Зертхананың жұмысын халықаралық деңгейде ұйымдастыру, басқару және дамыту;

–   Зертхананың ғылыми-техникалық даму стратегиясын ЭЖМҒО-ның басқа зертханаларымен бірлесе отырып ұсыну, орындау;

–   Зертхананы үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бірлескен және халықаралық жобаларды қоса алғанда, алдыңғы қатарлы ғылыми бағыттарды анықтау және дамыту;

–   Зертханалық топты тұрақты кәсіптік өсуге бағыттау және басқару, сондай-ақ зертханалық жабдықты заманға сай деңгейде ұстап тұру үшін күрделі инвестицияларды жоспарлау;

–   Халықаралық және отандық ғылыми-зерттеу орталықтарымен – университеттер мен өнеркәсіптермен ортақ жұмыс жасауды дамыту;

–   Зертхана жабдығың тиімді және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету.

–   Ғылыми зерттеулер үшін қаржыландыру көздерін тарту, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру үшін өтінімдерді жазу және беру;

–   Зертхананың НУ академиялық істеріне, оның ішінде студенттерді басқаруына қатысуын қамтамасыз ету;

–   Зертхананың жұмысын жоғары импакт-факторлы журналдарда және жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияларда жариялауды, және әртүрлі көрмелер, жарменкелерде зертхана зерттеу нәтижелерін және инновациялық әзірлемелерін тиісті экспонаттармен қатысуын қамтамасыз ету;

–   Зертхананың негізгі техникалық дағдылары мен құзыреттілектерін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін зертхананың жаңа бағыттарында білімдерін қамтамасыз ету;

–   Зертхананың жобалары туралы есептерді ұсынып, зертхана қызметкерлерінің жұмысына үнемі баға беріп отыру;

–   ЭЖМҒО директорына есеп беру.

4

Білімі

Энергияны өзгерту/Күн энергиясы,  физика, химиялық инженерия, электр/ электротехника инженериясы, материалтану және т.б. осыған байланысты салаларда ғылым докторы, PhD немесе ғылым кандидаты дәрежесі.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, аймақты, өнеркәсіп, және басқалар)

Кем дегенде 10 жыл зертхананың зерттеу бағыты бойынша әр түрлі деңгейде жұмысы тәжірибесі.

– Қаржыландырылған ғылыми жобаларды (қоғамдық, өнеркәсіптік, халықаралық және қазақстандық) дайындау, ұсыну және басқару тәжірибесі.

– Жоғары денгейдегі дарияланымдар: h-index 2-ден төмен емес (Scopus бойынша).

– Ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын жақсы меңгерген.

– Қазіргі таңда қаржыландырылған жобаларының болуы іріктеуде басымдылық ретінде қарастырылады.

– Жетекші халықаралық зерттеу орталықтарында және университеттерде тәжірибесі болғаны жөн.

– Зертханалық жабдықтар мен шығын материалдарын сатып алу тәжірибесі болғаны жөн.

Докторанттар, ғылыми топтар мен зертханалардың жетекшілік тәжірибесі қажет.

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

– Белсенді халықаралық ғылыми ынтымақтастық және байланыс, кәсіби құзыреттілік, жоғары ынталандыру, мәселелерді өз бетімен шеше білу, ойлау қабілеті.

– Аналитикалық ойлау, көшбасшылық және ұйымдастырушылық дағдылар, бір мезгілде бірнеше жобаларда жұмыс істеу мүмкіндігі. Халықаралық ортада жұмыс істеу және халықаралық серіктестермен өзара байланыс жасау мүмкіндігі. Ғылыми қызығушылығы және ғылыми зерттеулерге күшті ынтасы балуы.

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Ағылшын тілін жетік меңгеру міндетті; қазақ және/немесе орыс тілдерін жақсы білгені жөн. Іріктелген үміткерлермен сұхбат ағылшын тілінде жүргізіледі.

 

Қажет құжаттар

Мұқабалық хат, ағылшын тілінде түйіндеме, аталған лауазымға қатысты жарияланымдар тізімі, жүргізіліп жатқан зерттеулерге және болашақ зерттеу жоспарлары бойынша эссе (3 беттен аспайтын), кем дегенде екі кәсіби пікір берушінің аты-жөні мен байланыс мағлұматтары (пікір берушімен байланысын көрсете отырып).