Зерттеуші ассистенті (ғылыми жобаны жүзеге асыру мерзімі барысында)

Түйіндемені жіберу

1 Лауазымның атауы: Зерттеуші ассистенті (ғылыми жобаны жүзеге асыру мерзімі барысында)
2 Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері Материалтану саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу бойынша негізгі іс-шараларды жүзеге асыру. Электрохимия саласындағы білім қажет.
3 Негізгі міндеттері: Материалдарды синтездеу саласындағы зерттеулер (тоқ қабылдағыштар, энергияны сақтауға арналған анодтар мен катодтар);
Электронды микроскопия әдістерін, спектрлік әдістерді, материалдардың физика-химиялық және электрохимиялық қасиеттерін зерттеу арқылы материалдарды сипаттау бойынша тәжірибелер жүргізу;
Әр түрлі (магнетрон, жылу булану) әдістерді қолдана отырып, тоқ қабылдағыштар, анодтар мен катодтарды өндіру;
Ішкі және сыртқы қаржыландыру үшін өтінімдерді дайындауға және жіберуге көмектесу;
Халықаралық рецензияланатын журналдарда осы саладағы ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау;
Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін конференцияларға қатысу.
4 Іссапарларға кету: Мүмкін
5 Білімі: Химия, физика материалтану саласындағы Бакалавр/Магистр дәрежесінің болуы.
6 Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.) Магистр дәрежесі бар болса – жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;
Бакалавр дәрежесі бар 2 жылдық жұмыс тәжірибесі.
Жұмыс тәжірибесінде ғылыми-зерттеу бар болуы қажет және ғылыми еңбектері, халықаралық конференцияларда баяндамалар мен импакт-факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда ғылыми жұмыстар мен басылымдары болуы;
7 Кәсіби құзыреті Мықты көшбасшылық дағдылары, академиялық жеке және командалық ортада жұмыс істей білу, бастаманы қолға алу қабілеті, мәселені шешу дағдылары, өзін-өзі мотивациясының болуы құпталады.
8 Жеке қабілеттері: Үміткер жауапты және ұйымшыл болуы керек.
8 Тіл дағдылары (сөйлейтін тілдерді тізімдейді): Ағылшын тілінде еркін сөйлеу (міндетті)
9 Компьютерлік дағдылар: Негізгі білім
10 Түйіндеме мерзімі: Жоғарыдағы талаптарға сай келетін кандидатты таңдағанға дейін.
11 Байланыс тұлғасы: Нурпейсова Арайлым, arailym.nurpeissova@nu.edu.kz, Калимулдина Гульнур, gkalimuldina@nu.edu.kz