Ғылыми қызметкер (ғылыми жобаны жүзеге асыру мерзімі барысында)

Түйіндемені жіберу

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Энергетика, физика, химия, материалтану, компьютерлік және басқа салалардағы мультидисциплинарлық, іргелі және / немесе қолданбалы зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру.

Негізгі міндеттері:

Жауапты орындаушының жетекшілігімен жобаның жекелеген бөлімдері (кезеңдері, міндеттері) бойынша бас орындаушының бақылауымен бекітілген рәсімдерге сәйкес зерттеулер мен әзірлемелер жүргізеді; эксперимент жүргізеді, бақылаулар мен өлшеулер жүргізеді, сипаттамалар мен қорытындылар жасайды; ғылыми-техникалық ақпараттарды, сондай-ақ осы саладағы ұлттық және халықаралық тенденцияларды зерттейді; тақырып немесе бөлім (кезеңдер, тапсырмалар) бойынша есептер (есеп бөлімдері) дайындайды; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін енгізуге қатысады; ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы жарияланымдар дайындаумен айналысады (рецензияланған ғылыми журналдардағы мақалалар, конференция материалдары, ғылыми жинақтар).

Іссапарларға кету:

Конференция қараcтырылады

Білімі:

Электротехника мамандығы бойынша магистр.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.)

Өндіріс, немесе ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру саласында тәжірибесі 3 жылдан кем емес болуы қажет. PhD дәрежесі болған кезде – жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. H-индексінің болуы бағаланады.

Кәсіби құзыреті

Жақсы қарым-қатынас дағдылары; ынтымақтастық қабілеті мен ұжымда, сондай-ақ жоба серіктестерімен жұмыс істеудегі жоғары қабілеті болуы қажет.

Жеке қабілеттері:

Үміткер жауапкершілігі мол және жақсы ұйымдасқан тұлға болуы тиіс.

Тіл дағдылары (сөйлейтін тілдерді тізімдейді):

Ағылшын тілін білу міндетті болып табылады.

Компьютерлік дағдылар:

Word, Excel, PowerPoint, Origin негіздерін жетік меңгеру

Түйіндеме мерзімі:

Жоғарыдағы талаптарға сай келетін кандидатты таңдағанға дейін.

Байланыс тұлғасы:

Ермухамбетова Асия Амеркановна