“USM ASTANA” ЖШС Өткізу-бақылау қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

ӨБҚ менеджеріне келесі функциялар жүктеледі:

  • бекітілген нысандағы киіммен жұмысқа уақтылы келу;
  • ауысатын тұлғадан объектідегі хал-жағдайды нақтылау;
  • қажетті құжаттамалардың, мөрлердің болуын, материалдық құндылықтардың сақталу тәртібі мен есепке алынуын тексеру;
  • мүлікті қабылдау, лауазымдық міндеттемелерін орындаудың басталу уақыты туралы тікелей басшыға баяндау;
  • материалдық құндылықтардың тәртібі мен сақталуын қамтамасыз ету, қызмет көрсететін учаскеде өткізу және ішкі объектілік режимді орнату;
  • материалдық құндылықтарды әкету (шығару) және әкелу, келушілерді тіркеу және тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу журналдарының дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • Университет аумағына келесі адамдардың:

   – алкогольдік және есірткілік мас болудың, психикалық бұзылудың айқын белгілері бар;

   – қайыр сұрап кезбелікпен, ұсақ бөлшек саудамен  айналысатын;

– олар қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде   жедел іздеу қызметін жүзеге асыратын күш-қуат құрылымдарының қызметкерлері болып табылмаса, қаруы бар адамдардың өту жағдайларына жол бермеу;

  • жеке тұлғалардан ішкі тәртіп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын, студенттерден ішкі тұру қағидаларының сақталуын талап ету;
  • құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық немесе өзге де көмек көрсетуге жәрдемдесу;
  • орын жайларда және Университет аумағында діни және саяси сипаттағы іс-шаралардың өткізілуіне жол бермеу;
  • әр 2 сағат сайын қабаттарды, ал одан кейін сағат сайын офистерді және қызмет көрсететін аумақты қарап шығуды және тексеріп қарауды жүзеге асыру;
  • сағат сайын ауысым бастығымен және Университеттің көршілес объектілеріндегі менеджерлермен радио және телефон байланысын жүзеге асыру;
  • Университетке жақын орналасқан аумақта тазалықты сақтау үшін бақылауды жүзеге асыру және қажет болса техникалық персоналды тарту;
  • Университеттің корпустарында, ғимараттары мен орын жайларында орнатылған күзет және сақтандыру-өрт сигнализациясы аспаптарының жұмысына бақылауды жүзеге асыру; 
  • қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
  • сақтандыру-өрт сигнализациясы іске қосылған жағдайда дереу Серіктестіктің диспетчерлік қызметіне, ауысым басшысына хабарлау;
  • сигнализацияның іске қосылу себебін анықтау;
  • апаттық жағдайлар мен стихиялық апат туындаған кезде:

      –  Серіктестіктің диспетчерлік Қызметіне хабарлау;

      –  апаттық қызметтерді дербес шақырту;

      – қажет болса ӨБҚ менеджерлерінің күшімен адамдарды көшіруді ұйымдастыру;

      – мүлік пен материалдық құндылықтардың сақталуы бойынша шаралар қабылдау;

19) Жарылыс қауіпті заттар табылған жағдайда:

      –  табылған жерді қоршау және жеке тұлғаларды  жібермеу;

      –  Қызметтің ауысым бастығына хабарлау;

      – аумақтық ІІБ, төтенше жағдайлар басқармасына хабарлау;   

      –  объектінің орын жайларын және іргелес аумақты тексеріп қарау;

      – полиция қызметкерлері келген кезде оларға болған оқиға туралы ақпарат беру.

20) Университет аумағында көлік құралдарының қозғалысы тәртібі мен тұраққа қою тәртібі:

      – көлік құралының Университет аумағына кіруіне және болуына тұрақ абонементі негізінде немесе бақылау-өткізу пунктіне (бұдан әрі – БӨП) берілген өткізуге берілген келіп түскен өтінім,  қонақтарға арналған  біржолғы рұқсаттама негізінде жол беріледі;

      –  БӨП-те менеджер такси қызметін көрсететін, бірыңғай түсті және «Т» (такси) жазу белгісі бар, пайдаланушының ID- card болғанда көлік құралдарының Университет аумағына кіруіне арналған тіркеу журналында жазба жүргізеді;

      – менеджер күн сайын қарап өтеді және көлік құралдарының тұрақ абонементінде көрсетілген тұрақ аймағында орналасуын тексереді.

       21)  Ауысым аяқталғаннан кейін ауысым бастығына жазбаша есеп беру және ауызша баяндау.

  • Өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігі шегінде тікелей басшысының және Серіктестік басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;

жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде қолда бар барлық құжаттамалар мен ақпаратты басқа адамға, ал өзінің есебіндегі  мүлікті Серіктестіктің материалдық жауапты адамдарына тапсырады.