Тұрғын емес үй-жайлар инфрақұрылымы және iс-шараларды жүргізу басқармасының менеджері

Түйіндемені жіберу

Мекеменің негізгі және функционалдық міндеттері:

«Назарбаев Университеті» ДБҰ және «University Medical Center» КҚ клиникалары қызметінің басқару, әкімшілік, ақпараттық, құжаттамалық, материалдық-техникалық, мәдени-әлеуметтік және өзге де қамтамасыз етілуі мен қызмет көрсетілуіне бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.

«Назарбаев Университеті» ДБҰ және «University Medical Center» КҚ клиникаларының үздіксіз қызмет етуі үшін әкімшілік және өзге ғимараттардың, инженерлік инфрақұрылымның, мүліктің, жабдықтардың, құрал-саймандардың, көліктік, техникалық және өзге де құралдардың пайдаланылуын, жабдықталуы мен жөнделуін қамтамасыз ету.

Негізгі лауазымдық міндеттер

 

 

«Назарбаев Университеті» ДБҰ ғимараттары мен құрылыстарына сервистік-шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

1) бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес клиника ғимаратының блоктарындағы тұрғын емес үй-жайларында тазалықтың, тәртіп пен санитарлық гигиенаның сақталуы мен қамтамасыз етілуін күн сайын бақылайды;

2) күн сайын блоктағы үй-жайлардың техникалық және санитарлық сипаттамаларына бағалау жүргізеді, блоктағы ескертулердің жойылуын бақылайды және жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүзеге асырылуын үйлестіреді;

3) өз құзыреті шегінде орындаушылық сипаттағы құжаттаманы (ай сайынғы жиынтық есеп беру, бюджеттеу, шот фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері және т.б.) жүргізеді;

4) блоктардың үй-жайларын күзгі-қысқы пайдалану кезеңіне дайындауды ұйымдастыруға қатысады;

5) өз құзыреті шегінде құрал-саймандар мен басқа да қажетті мүліктің берілуін және қабылдануын бақылайды;

6) бүлінген немесе жоғалған негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды есептен шығаруға актілерді жасайды;

7) менеджердің есеп беруіндегі негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;

8) тиісті құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесе отырып, оған сеніп берілген материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;

9) Мекеменің өндірістік бөлімшелері мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің, Университет қызметкерлерінің, оқытушыларының, білім берушілері мен келушілерінің арасында байланыстырушы буын болып табылады. Университет ғимараттарының үзіліссіз жұмыс істеуі үшін толық сервистік және ақпараттық қолдау көрсетеді;

10) өз құзыреті шегінде аутсорсингтік қызметтер көрсетуге мониторингті жүзеге асырады;

11) Университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен және Мекемемен бірге ішкі нормативтік құжаттаманы (өзара іс-қимылдың техникалық регламенті, лауазымдық нұсқаулықтар, сандық нормативтер және т.с.с.) әзірлеуге қатысады;

12) өз құзыреті шегінде Қызмет әкімшілік ететін Мекеме бюджетінің баптарына сәйкес тиісті қаржы жылына бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысады.

Іссапарларға шығу:

 

 

Білімі:

Жоғары білім (қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі, халықаралық қатынастар, шетел тілдері, менеджмент, экономикалық факультет салаларындағы). Іс қағаздарын жүргізу, басқарушылық дағдылар, мемлекеттік, орыс және ағылшын  тілдерін (орта деңгейден төмен емес) еркін меңгеру, басқа да шет тілін білгені жақсы.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа)

Жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес. Қызмет көрсету, халықаралық ынтымақтастық немесе туризм саласындағы, оқу және сервистік мекемелердегі ұқсас позициялардағы жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы.  Шетелдік персоналмен жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы.

 

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері

·      Телефон арқылы келіссөздер жүргізу, өтінімдерді қабылдау және өңдеу;

·      Құжат айналымын жүргізу;

·      Іскерлік хат алмасу;

·      Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін білу;

·      Ғимаратты материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

·      Адамдармен тіл табыса алу, бастамашылық, мақсатқа ұмтылушылық, жаңашылдық және командада жұмыс істей білу.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (өзіңіз меңгерген тілдерді көрсетіңіз)

Мемлекеттік, орыс және ағылшын  тілдерін (орта деңгейден төмен емес) білу

Компьютерлік дағдылары:

ДК-ні (Microsoft Windows, Microsoft Office) меңгеру