Технопарктың директоры

Түйіндемені жіберу

 1

Лауазымның атауы

Технопарк директоры

2

Бөлімнің негізгі және қызметтік міндеттері

– Технопаркты старт-ап компанияларға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарға (бұдан әрі ШОБ) арналған тартымды алаң  ретінде дамыту;

– сала сарапшылардың, әзірлеушілердің, технология кәсіпкерлері мен инвесторлардың қоғамдастығын қалыптастыру;

– инновациялық жобаларды туындау мақсатымен Технопарк резиденттері мен университеттің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамыту.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

– Технопарк жұмысын үйлестіру, тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу;

– резиденттерді тарту;

– технологиялық старт-ап компаниялар мен ШОБ үшін қолайлы жағдайлар жасау;

– Технопарктің резиденттері және оқытушы-профессорлық құрамы, ғылыми қоғамдастық және университет студенттері өкілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынасты үйлестіру;

– университет, бизнес және мемлекеттік секторы өкілдерінің өзара қарым қатынасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, (Hackathon, конкурстар, семинарлар, тренингтер, конференциялар, көрмелер және т.б.);

– жаңа жобалар мен серіктестерді іздеу, инновациялық қауымдастық қалыптастыру (сарапшылар, жоба, компаниялар);

– бөлімшенің келешек және жылдық жұмыс жоспарларын дайындау;

– дамыту мәселесі бойынша мекеменің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара жұмыстар өткізу;

– шарттық міндеттемелерді және жоспарында көзделген  міндеттерді тексеру және іске асыру.

4

Білімі

Инновациялық менеджмент, стратегиялық менеджмент, экономика және маркетинг, экономика және маркетинг, инновацияларды дамыту, бизнес-әкімшілік, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік-техникалық ғылымдар салаларында бакалавр/магистр дәрежесі. Шетелдік университет дипломы құпталады.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

– инновацияларды дамыту, инновациялық/технологиялық жобаларды басқару саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; бюджеттік өтінімдерді дайындау және келісім-шарттарды сүйемелдеу тәжірибесінің болуы.

– жобаларды басқару негіздерін білу;

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Құрылымдық бөлімшенің жұмысын дербес жүргізе білу икемділігі, технологиялық бизнестің түрлі даму кезеңдерін түсіне білу қабілеті, жобалар жиынтығымен басқара білу дағдысы, бастамашылдық, ұйымдастырушылық қабілеті, коммуникативтік дағдылар, ұйымда жұмыс істей білу, сабырлылық. Түрлі мәдениеттер өкілдері мен түрлі жас топтарындағы адамдармен жұмыс істей білу қабілеті.

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Қазақ және орыс тілдерін еркін білу. Ағылшын тілін білу құпталады

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі):

Жоғары дәрежеде ДК игере білу(Microsoft Office)

9

Түйіндеме қабылдау мерзімі:

Жоғары көрсетліген талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін.