Технопарк менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы      

Технопарк менеджері

2

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

–      Технопаркты старт-ап компанияларға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарға арналған тартымды алаң ретінде дамыту;

–      Сала сарапшылардың, әзірлеушілердің, технология кәсіпкерлері мен инвесторлардың қоғамдастығын қалыптастыру;

–      Инновациялық жобаларды туындау мақсатымен Технопарк резиденттері мен университеттің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамыту.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

 

–      Технологиялық старт-ап компаниялар мен шағын және орта кәсіпорындарды іздеу және тарту;

–      Технопарк резиденттерін орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;

–      Технопарк резиденттері және оқытушы-профессорлық құрамы, ғылыми қоғамдастық және университет студенттері өкілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынас процесін қамтамасыз ету;

–      Технопарк және оның резиденттерін көрмелер, конференциялар, әлеуметтік желілер, PR-науқандар өткізу және қатысу арқылы алға бастыру.

4

Білімі

Бизнес-әкімшілік, экономика және маркетинг, инновацияларды дамыту, стратегиялық менеджмент, жаратылыстану және инженерлік-техникалық ғылымдар салаларында бакалавр/магистр дәрежесі. Шетелдік университет дипломы құпталады.

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

– Даму институттардағы, технопарктердегі және бизнес-инкубаторлардағы ұқсас лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы;

– Салалық сарапшылармен, әзірлеушілермен, кәсіпкерлермен және инвесторлармен байланыстың болуы.

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

– Жекеше, сонымен қатар отандық әрі халықаралық құрамдағы топтың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

– Құжаттамамен жұмыс істеу тәжірибесі: келісімшарттар мен келісімдердің жобаларын дайындау, қызметтік жазбаларды, хаттамаларды, меморандумдарды әзірлеу қабілеті;

– Ұйымдастыру дағдылары, тіл табыса білуі, сабырлық, кысқа мерзімдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі.

7

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Қазақ – қалаулы;

орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі)

ДК-ны жоғары деңгейде меңгеруі (Microsoft office)

9

Түйіндеме қабылдау мерзімі

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін