Техникалық оқу құралдары қызметінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

Техникалық оқу құралдары қызметінің менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және қызметтік міндеттері

Техникалық оқу құралдары қызметі «Назарбаев Университеті» және оның еншілес ұйымдарының мультимедиялық жүйелері саласындағы шешімдерге қолдау көрсету және енгізу; оқу мақсатындағы құрал-жабдықтардың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін жауап береді.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

Менеджердің үлгілі міндеттеріне жататындар:

– “Құрал-жабдықтардың” үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдаланылуын, жөндеу мен жаңартылуын қамтамасыз ету;

– проекциялық, интерактивтік және дыбыстық құрал-жабдықтарды орнату және жөндеу;

– Университетінің мультимедиялық кешенге әкімшілік ету;

– техникалық құжаттаманы, пайдалану нұсқаулықтарын әзірлеу, жабдықпен жұмыс істеу бойынша оқу-жаттығулар жүргізу;

-ресми хат алмасуды жүргізу.

4

Білімі

Білімі – жоғары (IT бағыты, Электроника және телекоммуникация, Аудиовизуалды жабдықтар). Шетелдік жоғары оқу орындарында алған жоғары білімі қолдаймыз.

5

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

Аудио және видео техникасы, IT-инженер, проекциялық және интерактивтік құрал-жыбдықтары іске асыру және пайдалану, Видеоинженер, телекоммуникациялар инженері, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі
2 жылдан кем емес (Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарының тәжірибесі құпталады).

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Кәсіби дағдылар:

·  Интерактивті құрал-жабдықтармен (интерактивті тақта (Promethean, Epson, Smart және т.б.), LCD-панель (Sharp, TeachTouch, FlipBox и т.д.), планшеттер және т.б.) және арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс тәжірибесі;

·  Мультимедиялық құрал-жабдықтармен жұмыс тәжірибесі (бейнепроекторлар (Christie, Sharp, Epson, Benq и др.), құжат-камералар (AverVision, Wolfvision и т.д.), Overhead-проекторлар, цифрлік презентерлер, цифрлік бейнемагнитофондар және т.б.);

·  Орнату және жөндеу тәжірибесі (акустикалық жүйелер, микшерлік пульттер, қуат күшейткіштері, сымды және сымсыз микрофондар);

·  Микрофондық конференц-жүйелер мен синхрондық аударма жүйесін орнату және жөндеу тәжірибесі;

·  Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің кешенді және күрделі ақаулықтарын оқшаулау және жою.

7

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (түрлерін көрсетіңіз)

Ағылшын тілін білу құпталады. Халықаралық үміткерлерге қазақ және орыс тілдерін білгені үшін артықшылық беріледі.

8

Резюмені беру мерзімі

Тиісті үміткерді іріктеп алғанға дейін