Техник (ғылыми жобаны жүзеге асыру мерзімі барысында)

Түйіндемені жіберу

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Энергетика, физика, химия, материалтану, компьютерлік және басқа салалардағы мультидисциплинарлық, іргелі және / немесе қолданбалы зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру.

Негізгі міндеттері:

Жауапты қызметкердің жетекшілігімен тәжірибелердің орындалуына қатысады, арнайы бақылаулармен талдаулар жүргізіп, зерттеу жұмыстарының қорытындысын сипаттайды; алынған зерттеу нәтижелерінің өнімдерін өңдеп, өндіріске енгізуге үлес қосады, ғылыми еңбектер бойынша алынған мәліметтерден арнайы ғылыми конферернцияларға, тематикалық жинақтарға және рейтингісі жоғары, импакт факторы бар журналдарға мақалалар басып шығаруға қатысады.

Іссапарларға кету:

Конференция қараcтырылады

Білімі:

Химия, Химиялық инженерия, Материалтану мамандықтары бойынша бакалавр.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.)

Өндіріс, немесе ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру саласында тәжірибесі бар болса жақсы болады.

Кәсіби құзыреті

Жақсы қарым-қатынас дағдылары; ынтымақтастық қабілеті мен ұжымда, сондай-ақ жоба серіктестерімен жұмыс істеудегі жоғары қабілеті болуы қажет.

Жеке қабілеттері:

Үміткер жауапкершілігі мол және жақсы ұйымдасқан тұлға болуы тиіс.

Тіл дағдылары (сөйлейтін тілдерді тізімдейді):

Ағылшын тілін білу міндетті болып табылады.

Компьютерлік дағдылар:

Word, Excel, PowerPoint, Origin негіздерін жетік меңгеру

Түйіндеме мерзімі:

Жоғарыдағы талаптарға сай келетін кандидатты таңдағанға дейін.

Байланыс тұлғасы:

Ментбаева Алмагуль