Зертханашы-техник, Электротехникалық және электроникалық инженерия кафедрасы, Инженерия мектебінің зертхана орталығы

Түйіндемені жіберу

2

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

●        «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы профессорлық-оқытушылық құрамының зертахана сабақтарын жүргізуде көмек көрсету;

●        зертхана құрал-жабдығының қажетті деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оқу зертханаларында қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз ету;

●        Инженерия мектебі профессорлық-оқытушылық құрамының тапсырмаларына және тиісті құрал-жабдықтар мен реагенттердің болуына сәйкес тәжірибелік және зертханалық сабақтардың жоспарын әзірлеу.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

●          зертхана және зертхана құрал-жабдығын тәжірибелік сабақтарға дайындау;

●          тәжірибелік сабақтарға дайындалу барысында зертхана ассистенттеріне көмек көрсету;

●          тәжірибелік сабақтарға  арналған сынамаларды жүргізу;

●          студенттердің жұмысына белсенді қатысу және тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында  көмек көрсету;

●          зертхана жұмыстарын жүргізу барысындағы студенттердің жұмысын тексеру (есеп журналын толтыру, есептің зертханалық үлгілерін толтыру және т.б.);

●          тестілеу және емтихан тапсыру барысында студенттерге бақылау жүргізу;

●          студенттердің қырда өтетін тәжірибесіне қатысу және оларды сапар барысында сүйемелдеу.

4

Білімі

Электротехника және электроника саласындағы магистр немесе бакалавр дәрежесі

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)

Зертханалық құрал-жабдықтермен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы құпталады; Зертханалық құрал-жабдықтермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы негіздерін білу.

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

●        Жеке негізде, сол сияқты отандық әрі халықаралық команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

●        Әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесі;

●        Тіл табыса білуі;

●        Студенттермен жұмыс жасай білуі.

7

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

●        Ағылшын – ауызша сөйлеу тілін меңгере отырып іскерлік қатынас хаттарды жүргізе білу. Сұхбаттасу ағылшын тілінде өтеді;

●        Орыс (ауызекі/жазбаша) – еркін білу;

●        Қазақ (ауызекі/жазбаша) – еркін меңгеруі құпталады.

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі):

ДК-ны жоғары деңгейде меңгеруі (Microsoft Office)

9

Жұмыспен қамтылу түрі:

Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

10

Түйіндеме қабылдау мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін