Технопарк жоба әкімшісі

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы      

Технопарк жоба әкімшісі

2

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері

1)  Технопаркты старт-ап компанияларға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарға арналған тартымды алаң  ретінде дамыту;

2)  Сала сарапшылардың, әзірлеушілердің, технология кәсіпкерлері мен инвесторлардың қоғамдастығын қалыптастыру;

3)  Инновациялық жобаларды туындау мақсатымен Технопарк резиденттері мен университеттің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамыту.

3

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері

1)  кеңсе жұмысын қамтамасыз ету: Технопарктің қазіргі және әлеуетті резиденттермен әкімшілік қолдау көрсету (шарттарды жасау, іріктеу рәсімдері және т.б.);

2)  Технопарк ғимаратына техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік ұйымдармен өзара әрекеттесу;

3)  Технопарктің резиденттері және оқытушы-профессорлық құрамы, ғылыми қоғамдастық және университет студенттері өкілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынасты үйлестіру жұмыстарында көмектесу;

4)  Университет, бизнес және мемлекеттік секторы өкілдерінің өзара қарым қатынасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарында жәрдем беру (Hackathon, конкурстар, семинарлар, тренингтер, конференциялар, көрмелер және т.б.);

5)  Жаңа жобалар мен серіктестерді іздеу, инновациялық қауымдастық қалыптастыру жұмыстарына белсене араласу(сарапшылар, жоба, компаниялар);

4

Білімі

Бизнес-әкімшілік, экономика және маркетинг, инновацияларды дамыту, стратегиялық менеджмент, жаратылыстану және инженерлік-техникалық ғылымдар салаларында бакалавр/магистр дәрежесі. Шетелдік университет дипломы құпталады

5

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.)      

Инновацияларды дамыту, инновациялық/технологиялық жобаларды басқару саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

6

Кәсіби білімі және жеке қасиеттері

Жекеше, сонымен қатар отандық әрі халықаралық құрамдағы топтың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

Әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеу тәжірибесі;

Қысқа мерзімдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі;

Баяндамаларды, талдамалық жазбаларды, хаттарды әзірлеу қабілеті;

Тіл табыса білуі және ұйымдастырушылық қабілеті.

7

Тілдерді , оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қандай тілдер)

Қазақ –  қалаулы/

орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

8

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарлама, меңгеру деңгейі)

ДК-ны жоғары деңгейде меңгеруі (Microsoft office)

9

Түйіндеме қабылдау мерзімі

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді іріктеп алғанға дейін