Тәжірибені трансляциялау бойынша үйлестіруші

Түйіндемені жіберу

1.       

Лауазымның атауы:

Тәжірибені трансляциялау бойынша үйлестіруші

2.       

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

•          университет және оның ұйымдарының тәжірибесін Қазақстанның ЖОО-на трансляциялау процесін үйлестіру;

•          Университеттің тәжірибесін трансляциялаудағы ұйымдастырушылық, ақпараттық және аналитикалық қолдау;

•          Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен қарым-қатынас және ынтымақтастық орнату;  

•          университеттің тәжірибесін трансляциялау бойынша тұжырымдаманы, ұсыныстарды әзірлеу;

•          өз құзыреті шегінде университеттің тәжірибесін трансляциялау шеңберінде білім беру ұйымдарымен жасалатын келісімдерді (меморандумдарды, келісімшарттарды) бастау, келіссөздерге қатысу, әзірлеу, олардың ішкі мониторингі;

•          ақпараттық-сараптамалық материалдарды дайындау, құзыреттілік шеңберінде университет басшылығы үшін есептер мен баяндамалар жобаларын дайындау;

•          тәжірибе трансляциялау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру, Қазақстан ЖОО-мен бірлескен іс-шаралар, университет тәжірибесін тарату үшін көрме стендтерді дайындау, оның ішінде Университетте Жоғары білім көшбасшыларының жыл сайынғы Форумына қатысу (тәжірибені аудару бойынша арнайы сессияларды ұйымдастыру).

3.       

Білімі:

Жоғары кәсіби, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында алған білімі болғаны дұрыс. Мамандығының басымда бағыттары:

– білім саласындағы басқару;

– халықаралық қатынастар;

– мемлекеттік басқару.

4.       

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, аясы, саласы және басқалары):

Магистр дәрежесі болғанда лауазымның негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес келетін мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес, немесе бакалавриат дәрежесі болғанда лауазымның негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес келетін мамандығы бойынша 7 жылдан кем емес мемлекеттік қызметте немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда немесе «Назарбаев Университетінде» немесе оның ұйымдарында кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы тиіс.

5.       

Кәсіби білімі мен жеке сипаттамасы:

Көшбасшылық қасиеттері, аналитикалық қабілеттері, ұйымдастырушылық дағдылары, қарым-қатынас, командалық және халықаралық топтарда жұмыс істеу қабілеті, стресске төзімділік.

6.       

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді  меңгеру деңгейі (қандай тілдер екенін көрсетіңіз):

Ағылшын, Қазақша, Орысша, тілдерін еркін меңгеру

7.       

Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі):

ДК-ді Жоғары деңгейде меңгеру (Microsoft Windows, Microsoft Office)

8.       

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерді таңдап алғанға дейін