Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің Деканы

Түйіндемені жіберу

Лауазымның атауы: Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің Деканы

Жұмыс орны: Астана, Қазақстан

Кімге есеп береді: Назарбаев Университетінің Провостына

Жауапты: Деканның орынбасарымен, Деканға тікелей есеп беретін Атқарушы директормен бірлесіп “Назарбаев Университеті” Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің барлық қызметкерлері үшін.

Лауазымның негізгі мақсаты

Декан Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің басты лауазымдық тұлғасы болып табылады және стратегиялық басшылық және Мектептің атқарушылық басшылығы үшін жауапты болады.

 

Негізгі міндеттері мен функциялары

Басшылық

  1. Университетпен консультациялар жасай отырып Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің стратегиялық жоспарын жасайды және орындайды.
  2. Мектептің басқарушы комитетінің Төрағасы болып табылады.
  3. Университет осы мақсат үшін құрған кез келген ұжымдық жоғары басшылықтың мүшесі ретінде Университетті стратегиялық басқаруға қатысады және тиісті университет комитеттерінде мектептің өкілі болады
  4. Жетекші халықаралық университет – серіктес/университеттермен байланысты қолдап отырады
  5. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің университеттің басқа мектептерімен және зерттеу орталықтарымен ынтымақтастығына көмектеседі.
  6. Мектепті сыртқы деңгейде ілгерілетеді, сондай-ақ Қазақстан университеттерімен, халықаралық университеттермен, үкіметпен, бизнеспен және өнеркәсіппен кәсіби қатынастар желісін дамытады және қолдайды.
  7. Мектептің өз қызметін Университеттің саясатына, ережелері мен рәсімдеріне сәйкес жүргізуін қадағалайды.
  8. Мектепте мықты денсаулық және қауіпсіздік мәдениетін ілгерілетуге көмектеседі.

 

Ресурстарды басқару

  1. Мектептің Атқарушы директорының көмегімен Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі үшін бюджетті бекітудің жыл сайынғы процесін бақылайды және басқарады.
  2. Мектептің жалпы қаржылық жағдайына және келісілген бюджеттік мақсаттар мен басқарудың тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.
  3. Барлық мектеп комитеттерінің құрылуын және оқу жылы бойы тиісті уақытта тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Адами ресурстарды басқару

  1. Мектеп қызметкерлерін жалдау жоспарын қалыптастырады және орындалуын бақылайды.
  2. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің академиялық және аға персоналын таңдауға қатысады.
  3. Тәлімгерлік рөлін атқарады, үйлестіреді, тікелей бағынатын персоналдың дамуына және бағалауға қатысады.
  4. Мектеп персоналы бос орындарын толтыруға және таңдауға байланысты мәселелерді бекітеді және лауазымын көтеру туралы өтінімдерді қабылдайды.
  5. Мектептің академиялық персоналының бейімделу және даму мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

Ғылым

  1. Университетпен консультациялар жасай отырып Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің зерттеу стратегиясын бекітеді.
  2. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі бойынша зерттеу мәдениетін қолдайды.
  3. Мектептің зерттеу бағдарламасын қолдау үшін кірістер алуды ынталандырады.
  4. Университеттің зерттеулерді қаржыландыруын қолдауға арналған өтінімдерді қарайды және мақұлдайды.
  5. Мектепке қатысты барлық мәселелер бойынша аға оқытушылармен ынтымақтасады.
  6. Мектептің зерттеу стратегиясы шеңберінде өз зерттеулерін дамытады.
  7. Өзінің және/немесе Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің және Назарбаев Университетінің ғылыми мүдделерін ілгерілету мақсатындағы ұлттық және халықаралық конференцияларға, семинарлар мен басқа да іс-шараларға қатысады және өткізеді.  

 

Оқыту және кәсіби даму

  1. Университетпен келісім бойынша Мектептің оқыту және білім беру стратегиясын бекітеді және бүкіл Мектеп бойынша білім беруді интеграциялау зерттеулерін ынталандырады.
  2. Мектептің оқу және академиялық қырларының сапасын бағалауға қатысты мәселелерді бақылайды.
  3. Мектептің білім беру бөлігіне қатысты мәселелер бойынша аға оқытушылармен ынтымақтасады.
  4. Университетпен келісім бойынша мектепке студенттер жинау жөніндегі жоспарды бекітеді.
  5. Университеттің басқа мектептерімен бірлесе білім алуға көмектеседі.
  6. Мектеп деңгейінде емтихан мәселелерін бақылайды және Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің немесе басқа ұқсас органның емтихан алушылар алқасын басқарады.
  7. Лауазымдық нұсқаулық шеңберінде сыртқы кәсіби және білім беру іс-шараларына қатысады.

 

Үміткердің критерийлері  

 

Міндетті

Болғаны

дұрыс

Академиялық біліктілігі

 

 

Тиісті пән бойынша докторантура немесе баламалы жоғары дәрежесінің болуы

 

Тәжірибесі

 

 

Тиісті пән бойынша елеулі оқыту және білім беру тәжірибесі

 

Жоғары білім беру біліктілігі

 

Тиісті пән саласындағы зерттеулердің танылған бейіні

 

Стратегиялық жоспарлау және мақсатқа қол жеткізу тәжірибесі

 

Университетке қабылдау процесіндегі тәжірибесі

 

Университет тетіктерінің сапасын қамтамасыз ету тәжірибесі

 

Халықаралық аккредитациялау жүйелерін түсіну.

 

Университеттерде, өнеркәсіпте, бизнесте және үкіметте  кәсіби желі әзірлеу тәжірибесі

 

Халықаралық деңгейдегі жұмыс тәжірибесі

 

Дағдылары

 

 

Күшті басқару және дәлелдеу дағдылары

 

Келіссөздер жүргізудің тиімді дағдылары

 

Адамдардың кең топтарымен тиімді жұмыс қатынастарын дамыту қабілеті

 

Тиісті пән бойынша бакалавриат және магистратура курстарын оқыту мүмкіндігі

 

Пәннің тиісті саласында ғылым кандидаттары студенттер мен басқа да зерттеушілерді бақылау мүмкіндігі

 

Тәртіптіліктің жоғары сапасы және офистік ИТ-дағдыларының болуы

 

Білім беру технологияларын білуі

 

Ағылшын тілінде жоғары деңгейде сөйлей, оқи, түсіне және жаза білу қабілеті

 

Орыс тілінде сөйлей, оқи және түсіне білуі 

 

Жеке басының қасиеттері

 

 

Оқыту мен ғылыми зерттеулердің жоғары сапасына ұмтылу және білім берудің қолайлы ортасын қалыптастыруға көмектесу

 

Команданың бір бөлігі ретінде жұмыс істей білу қабілеті

 

Тең мүмкіндіктерге бейілділік

 

Дипломатия және саяси хабардарлықпен астасқан әдептілік

 

Жеке басына қол сұқпау және құпиялылық мәселелеріне құрметі

 

Мәдени айырмашылықтарға сезімталдығы

 

Шұғыл мерзімде жұмыс істеу мүмкіндігі

 

Жеке басының орнықтылығы