Тәжірибелік жұмысқа зертхана технигі (ғылыми жобаны жүзеге асыру мерзімі барысында)

Түйіндемені жіберу

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Химиялық инженерия және энергетика саласында ғылыми-зерттеу қызметі

Негізгі міндеттері:

Жауапты қызметкердің жетекшілігімен бекітілген әдістеме аясында жеке кезеңдер (этап, тапсырмалар) бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі; тәжірибелердің орындалуына қатысады, арнайы бақылаулармен талдаулар жүргізіп, зерттеу жұмыстарының қорытындысын сипаттайды; қатты тұрмыстық қалдықтардың маусымдық өзгерісін зерттеу жұмыстарына қатысады; берілген тақырып бойынша шет елдік және отандық ғылыми-техникалық ақпараттарды меңгеріп, тақырып бойынша және оның жеке бөлімдері бойынша есеп береді; алынған зерттеу нәтижелерінің өнімдерін өңдеп, өндіріске енгізуге үлес қосады, ғылыми еңбектер бойынша алынған мәліметтерден арнайы ғылыми конферернцияларға, тематикалық жинақтарға және рейтингісі жоғары, импакт факторы бар журналдарға мақалалар басып шығаруға қатысады.

Іссапарларға кету:

Білімі:

«Химиялық инженерия» немесе «Химия» ғылымдары бойынша баклавр, тиісті лауазымға жұмыс тәжірибесі құпталады.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.)

Қатты отын жағу, ұшпа газ анализін жүргізудегі практикалық тәжірбиенің болуы құпталады.

Кәсіби құзыреті

Химиялық құрылғылармен, түтіктермен және реакторлармен жұмыс істеу ептілігі.

Жеке қабілеттері:

Үміткер жауапкершілігі мол және жақсы ұйымдастырушы, икемділігі, қарым-қатынастық дағдылары бар, жеке және команда мүшесі ретінде ғылыми ортада жұмыс істей білетін тұлға болуы тиіс.

Тіл дағдылары (сөйлейтін тілдерді тізімдейді):

Ағылшын тілін білу міндетті(ағылшын тілін білу деңгейі IELTS=6 және жоғары )

Компьютерлік дағдылар:

MS Office, Excel бағдарламасын толыққанды білу

Түйіндеме мерзімі:

Жоғарыдағы талаптарға сай келетін кандидатты таңдағанға дейін, Резюме ғылыми тілде болуы міндетті(ағылшын және/немесе орыс тілінде)

Байланыс тұлғасы:

Сарбасов Е.К.