Тәжірибелік жұмысқа зертхана технигі (ғылыми жобаны жүзеге асыру мерзімі барысында)

Түйіндемені жіберу

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері

Жасуша циклының өзгерісі және жасушалық биологиямен байланысты саладағы негізгі және/немесе қолданбалы зерттеулерді, сондай-ақ тиісті және пәнаралық бағыттарды жүргізу бойынша шараларды жүзеге асыру.

Негізгі міндеттері:

Жауапты қызметкердің жетекшілігімен бекітілген әдістеме аясында жеке кезеңдер (этап, тапсырмалар) бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі; тәжірибелердің орындалуына қатысады, арнайы бақылаулармен талдаулар жүргізіп, зерттеу жұмыстарының қорытындысын сипаттайды; берілген тақырып бойынша шет елдік және отандың ғылыми-техникалық ақпараттарды меңгеріп, тақырып бойынша және оның жеке бөлімдері бойынша есеп береді(BD FACS Aria және BD Accuri ағынды цитометр көмегімен жасуша циклының фазаларын зерттеуінде жоғары дәрежедегі техникалық қабілеттер талап етіледі); алынған зерттеу нәтижелерінің өнімдерін өңдеп, өндіріске енгізуге үлес қосады, ғылыми еңбектер бойынша алынған мәліметтерден арнайы ғылыми конферернцияларға, тематикалық жинақтарға және рейтингісі жоғары, импакт факторы бар журналдарға мақалалар басып шығаруға қатысады.

Іссапарларға кету:

Конференция немесе трэйнинг қараcтырылады

Білімі:

«Биология» немесе «Жасушалық биология» ғылымдары бойынша баклавр, тиісті лауазымға жұмыс тәжірибесі құпталады.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.)

 Жасуша циклын зерттеу саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы, ағымдық цитометрмен жұмыс тәжірибесі құпталады.

Кәсіби құзыреті

Жасуша линиялары жұмыс істей білуі құпталады.

Жеке қабілеттері:

Үміткер жауапкершілігі мол және жақсы ұйымдасқан тұлға болуы тиіс.

Тіл дағдылары (сөйлейтін тілдерді тізімдейді):

Ағылшын тілін білу міндетті (ағылшын тілін білу деңгейі IELTS=6 және жоғары )

Компьютерлік дағдылар:

MS Office, Excel бағдарламасын толыққанды білу, BD FACS Aria и BD Accuri ағымдық цитометрия програмдық қамтуымен таныс болу.

Түйіндеме мерзімі:

Жоғарыдағы талаптарға сай келетін кандидатты таңдағанға дейін, Резюме ғылыми тілде болуы міндетті (ағылшын және/немесе орыс тілінде)

Байланыс тұлғасы:

Воробьев И.А., Кауанова Ш.Г.