АТ сүйемелдеу қызметінің екінші желісінің менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі АТ сүйемелдеу қызметінің екінші желісінің менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметтік міндеттері:

АТ инфрақұрылымы жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Қызметтің міндеттерін орындауға қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін құжаттарды (техникалық сипаттама, шарт жобасы және т.б.) әзірлеу және келісу;

Қызметпен бастамашылық етілген шарттар бойынша жеткізушілердің міндеттемелерді орындауы мен жеткізілген/орындалған/көрсетілген тауарларға, қызметтерге/жұмыстарға төлем жүргізуіне мониторинг жүргізу;

Қызметтің тиісті қаржы жылына бюджеттік өтінімін қалыптастыруына қатысу; 

Ақпараттық инфрақұрылымның пайдаланушыларына екінші желідегі техникалық қолдауды жүзеге асыру:

Жаңа жұмыс орындарын дайындау, жүйелік және қолданбалы БЖ-ны алғашқы инсталляциялау;

Пайдаланушылардың жұмыс орындарын көшіру;

ДК мен баспа құрылғыларына шығыс материалдарын жеткізу және ауыстыру;

Баспа құрылғыларына техникалық қызмет көрсету;

БЖ мен пайдаланушының қатысуын талап ететін құралдардың қайшылықтарын шешу;

ДК мен перифериялық құралдардың диагностикасы мен кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу;

Кабельдік және сымсыз желіге қызмет көрсету;

Уақытша және тұрақты жұмыс орындарын орналастыруға және оларды ЖЕЖ-ге қосуға байланысты мәселелерді шешу

4

Білімі:

Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғарғы білім. Салалық халықаралық сертификаттардың бар болғанына артықшылық беріледі (мысалы, ITSM)

5

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

IT саласындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес, Назарбаев Университетінде немесе оның еншілес ұйымдарында жұмыс істеу тәжірибесі немесе тағылымдамадан өту тәжірибесіне артықшылық білдіреді.

6

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері:

Офистік қосымшаларды advanced user деңгейінде білу;

Қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы орнату дағдыларының болуы;

Заманауи операциялық жүйелерді жақсы меңгеру – MacOS, Linux, Windows;

Перифериялық пайдалану құралдарымен жұмыс істей білу–драйверлерді орнату, принтерлерді желіде пайдалану және т.б.

Заманауи баспа құрылғыларының жұмысы мен құрылымдық ерекшеліктерін білу;

Стационарлық ДК мен ноутбуктерді диагностикалау және жөндеу дағдылары;

Жергілікті есептеу желілерін құру негіздерін білу;

VoIP құрылғыларымен жұмыс істеу тәжірибесі;

ITSM қағидаларын білу;

ДК архитектурасын білу

7

Тілдерді білу деңгейі:

Қазақ, орыс және ағылшын (техникалық құжаттама деңгейінде) тілдерін білу

8

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін