АТ сүйемелдеу қызметінің екінші желісінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі АТ сүйемелдеу қызметінің екінші желісінің аға менеджері

2

Құрылымдық бөлімшенің негізгі қызметтік міндеттері:

АТ инфрақұрылымы жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру

3

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Екінші желідегі қолдауды басшылық ету;

Жоспарлау арасындағы міндеттерді бөлу және мамандармен екінші желісін қолдау;

Қызметтің міндеттерін орындауға қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін құжаттаманы (техникалық сипаттаманың, шарттың жобасы және т.б.) әзірлеу және келісу, осындай сатып алуларды өткізу процедураларына бастамашылық ету;

Қызмет бастамашылық еткен шарттар бойынша жеткізушілердің міндеттемелерді орындауы мен жеткізілген/орындалған/көрсетілген тауарлар, қызметтер / жұмыстарға төлем жүргізуін мониторингтеу;

Қызметтің тиісті қаржылық жылға бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу;

Тендер бойынша сараптамалық қорытындыларды әзірлеу;

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша  келісім-шарттар жасау;

Университеттің қолданыстағы АТ инфрақұрылымына инновациялық шешімдер мен технологиялар енгізу

Ақпараттық инфрақұрылымның пайдаланушыларына екінші желідегі техникалық қолдауды жүзеге асыру:

Жаңа жұмыс орындарын дайындау, жүйелік және қолданбалы БЖ-ны алғашқы инсталляциялау;

Пайдаланушылардың жұмыс орындарын көшіру;

ДК мен баспа құрылғыларына шығыс материалдарын жеткізу және ауыстыру;

Баспа құрылғыларына техникалық қызмет көрсету;

БЖ мен пайдаланушының қатысуын талап ететін құралдардың қайшылықтарын шешу;

ДК мен перифериялық құралдардың диагностикасы мен кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу;

Кабельдік және сымсыз желіге қызмет көрсету;

Уақытша және тұрақты жұмыс орындарын орналастыруға және оларды ЖЕЖ-ге қосуға байланысты мәселелерді шешу

5

Білімі:

Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім. Салалық халықаралық сертификаттардың бар болғаны жақсы (мысалы, ITSM)

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

IT саласындағы жұмыс тәжірибесі 4 жылдан кем емес, Назарбаев Университетінде немесе оның еншілес ұйымдарында жұмыс істеу тәжірибесі құпталады.

7

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері:

Бағдарламалық кеңсе қосымшаларды және ДК архитектурасын озық пайдаланушы деңгейінде білу;

Қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы орнату дағдыларының болуы;

Заманауи операциялық жүйелерді жақсы меңгеру – MacOS, Linux, Windows;

Перифериялық пайдалану құралдарымен жұмыс істей білу–драйверлерді орнату, принтерлерді желіде пайдалану және т.б.

Заманауи баспа құрылғыларының жұмысы мен құрылымдық ерекшеліктерін білу;

Стационарлық ДК, ноутбуктерді,  принтерлерді  диагностикалау және жөндеу дағдылары;

Жергілікті есептеу желілерін құру негіздерін білу;

VoIP құрылғыларымен жұмыс істеу тәжірибесі;

ITSM қағидаларын білу;

Инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу және жобаларды басқару тәжірибесі;

Қызметтік хат алмасу және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану дағдылары;

Бастамашылдық талап етіледі, қойылған міндеттерді креативті орындауға, сондай-ақ, өз міндеттемелерін орындау үшін жауапты шешім қабылдауға дайын болу;

8

Тілдерді білу деңгейі:

Қазақ, орыс және ағылшын (техникалық құжаттама деңгейінде) тілдерін білу

10

Түйіндемені жіберу мерзімі:

Тиісті үміткерді таңдағанға дейін