Студенттік істер жөніндегі департамент менеджері (Спорт орталығы)

Түйіндемені жіберу

“Назарбаев Университеті” ДББҰ

1

Лауазымның атауы

Студенттік істер жөніндегі департамент менеджері (Спорт орталығы)

2

Департаменттің негізгі қызметтік міндеттері

Университет студенттік істер жөніндегі жұмысқа байланысты қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру

3

Негізгі лауазымдық міндеттері

Департамент директорына және спорт жөніндегі аға менеджерге қызметтің барлық аспектілері бойынша көмек көрсету;

Университеттің студенттері, қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы арасында дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар мен іс-шараларды ұйымдастыру;

Университетте студенттердің жан-жақты дамуы бойынша жұмыстарды іске асыруға көмектесу және салауатты өмір сүруді насихаттау шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру;

Спорт және дене шынықтыруды дамыту үшін Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлескен жұмыс жүргізу;

Қазақстан Республикасының және шетелдік басқа да жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен ынтымақтастық орнату және дамыту;

Өз құзыреті шегінде Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өткізілетін консультацияларға қатысу;

Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде қабылданатын шешімдерді рәсімдерге сәйкес келісу және айқындалған кемшіліктерді жою;

Спорт қызметіне талдау жүргізу, студенттердің спорттық дамуы туралы жиынтық есептерді дайындау;

Басқа жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру саласындағы тәжірибені зерделеу және талдау, оны пайдалану мен жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;

Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, жоспарларды, бағдарламалар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысу және ұсыныстар енгізу;

Университет өмірінде спорт пен дене шынықтыруды дамыту бойынша басшылыққа ұсыныстар дайындау;

Университеттің спорттық өміріне қатысты ақпараттық материалдарды (хабарландырулар, плакаттар және т.б.) уақтылы және сапалы тарату

4

Іссапарларға бару

Іссапарларға баруы мүмкін

5

Білімі

Солтүстік Америка, Еуропа университеттерінде немесе батыстық жүйе бойынша жұмыс істейтін жоғары оқу орындарында алған жоғары білім және университетте белсенді қоғамдық қызметтің болуы

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі

Жоғары білім беру саласындағы кемінде 2 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі, олардың кемінде бір жылы студенттермен жұмысқа байланысты болуы тиіс
Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс тәжірибесі

Әртүрлі мәдени\спорт салалардағы жұмыс тәжірибесі

Жоспарлауға және өзгерістерге бейімделуге оң көзқарасы және қабілеті

Күрделі әкімшілік құрылым шеңберінде тиімді ынтымақтасуға қабілеті

Жақсы өзара қарым-қатынас жүргізу, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларының болуы. Сипатталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін саладағы кәсіби тәжірибесі.

Кеңсеге қажетті дерекқорды басқаруға арналған бағдарламаны білуі

7

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

Жастармен жұмыс істеу ниеті

Талдамалық дағдылары

Жеке, сол сияқты командада тиімді жұмыс істей білуі.

Әртүрлі мәдениет өкілдерімен кәсіптік деңгейдегі жұмыс тәжірибесі

АҚШ-тың, Еуропалық кеңестің және басқа да елдердің білім беру жүйесін білуі

Қазақстанның білім беру жүйесін, мәдениеті мен тарихын білгені жөн

Қысқа мерзімдерде тиімді қызмет ете білу қабілеті

Әдеп және іскери қарым-қатынас негіздерін, сондай-ақ іскери хат жазысу тәртібін білуі

Шешім қабылдай білу мүмкіндігі

Шыдамдылық (толеранттылық) және стресске шалдықпау сияқты қасиеттерге ие болу 

 8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу 

Ағылшын тілі бойынша ауызша және жазбаша дағдылары міндетті түрде жақсы болуы тиіс
Қазақ және орыс тілдері бойынша ауызша әрі жазбаша дағдыларының мүмкіндігінше жақсы болғаны жөн

9

Компьютерлік дағдылар

Microsoft Office және  Access бағдарламаларын қамтитын студенттермен жұмыс істеуге байланысты дерекқорды басқаруға арналған бағдарламаларды білуі

Академиялық деңгейде және студенттермен жұмыста қажетті есептік ақпаратты шығаратын бағдарламаларды түсінуі

10

CV беру мерзімі

Сәйкес үміткерді таңдап алғанға дейін