Студенттік істер жөніндегі департамент маманы (жатақхана)

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы

Студенттік істер жөніндегі департамент маманы (жатақхана)

2

Департаменттің негізгі қызметтік міндеттері

Университет студенттік істер жөніндегі жұмысқа байланысты қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру

3

Негізгі лауазымдық міндеттері

Білім беру қызметтері және студенттік мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Студенттердің Мінез-құлық кодексін сақтауын бақылау және студенттерге патриоттық әрі мәдени-адамгершілік тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруда көмек көрсету, студенттердің ынтымақтастығын нығайтуға үлес қосу

Студенттерді Университетте өтетін қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға тарту және осы іс-шаралардың ұйымдастыру мәселелерінде көмек көрсету

Студенттік дерекқорды (жеке істер, есептер, өтініштер, хаттамалар және т.б.) қолдау және жаңарту

Институционалдық зерттеу үшін Университеттің студенттік контингенті жөніндегі деректерді дайындау

Басқа жоғары оқу орындарының студенттік істер депаттаменттері мен кеңселері қызметінің тәжірибесін зерделеу және талдау, Департаменттің қызметін жақсарту мақсатында ең үздік тәжірибелерді енгізу

Тиісті құжаттама мен хат-хабарларды қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударуды жүзеге асыру

Университетте тәрбие жұмысының іске асырылуына және студенттердің қоғамдық өміріндегі іс-шараларды ұйымдастыруға үлес қосу 

Студенттік өмірді жақсарту үшін Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс жүргізу

Университеттегі студенттік өмірге байланысты қызметті талдау,  Департаменттің жұмысы туралы жиынтық есептерді дайындауға үлес қосу;

Студенттік істер жөніндегі директормен бірлесіп, Департамент бюджетін дамыту және жүзеге асырту

Студенттердің әртүрлі сұрақтары мен мәселелерін шешу

Студенттік істер жөніндегі директор және берген басқа да тапсырмаларды орындау

4

Іссапарларға бару

Іссапарларға баруы мүмкін

5

Білімі

Ағылшын тілінде жоғары оқу орындарында алған жоғары білім және университетте белсенді қоғамдық қызметтің болуы

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі

Жоғары білім беру саласындағы кемінде 1 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі, олардың кемінде бір жылы студенттермен жұмысқа байланысты болуы тиіс
Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс тәжірибесі

Әртүрлі мәдени салалардағы жұмыс тәжірибесі

Жоспарлауға және өзгерістерге бейімделуге оң көзқарасы және қабілеті

Күрделі әкімшілік құрылым шеңберінде тиімді ынтымақтасуға қабілеті

Жақсы өзара қарым-қатынас жүргізу, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларының болуы. Сипатталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін саладағы кәсіби тәжірибесі.

Кеңсеге қажетті дерекқорды басқаруға арналған бағдарламаны білуі

7

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

Жастармен жұмыс істеу ниеті

Талдамалық дағдылары

Жеке, сол сияқты командада тиімді жұмыс істей білуі.

Әртүрлі мәдениет өкілдерімен кәсіптік деңгейдегі жұмыс тәжірибесі

АҚШ-тың, Еуропалық кеңестің және басқа да елдердің білім беру жүйесін білуі

Қазақстанның білім беру жүйесін, мәдениеті мен тарихын білгені жөн

Қысқа мерзімдерде тиімді қызмет ете білу қабілеті

Әдеп және іскери қарым-қатынас негіздерін, сондай-ақ іскери хат жазысу тәртібін білуі

Шешім қабылдай білу мүмкіндігі

Стресске шалдықпау сияқты қасиеттерге ие болу 

 8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу 

Ағылшын тілі бойынша ауызша және жазбаша дағдылары міндетті түрде жақсы болуы тиіс
Қазақ және орыс тілдері бойынша ауызша әрі жазбаша дағдыларының мүмкіндігінше жақсы болғаны жөн

9

Компьютерлік дағдылар

Microsoft Office және  Access бағдарламаларын қамтитын студенттермен жұмыс істеуге байланысты дерекқорды басқаруға арналған бағдарламаларды білуі

Академиялық деңгейде және студенттермен жұмыста қажетті есептік ақпаратты шығаратын бағдарламаларды түсінуі

10

CV беру мерзімі

Сәйкес үміткерді таңдап алғанға дейін