Стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының аға менеджері (қызметкер болмаған уақытта)

Түйіндемені жіберу

2

Мекеменің негізгі және функционалдық міндеттері

«Назарбаев Университеті» ДБҰ қызметін басқарушылық, әкімшілік, ақпараттық, құжаттамалық, материалдық-техникалық, мәдени-әлеуметтік және өзге де қамтамасыз етуге және қызмет көрсетілуіне бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның үздіксіз қызмет етуі үшін әкімшілік және өзге ғимараттардың, инженерлік инфрақұрылымның, мүліктің, жабдықтардың, мүкәммалдың, көлік, техникалық және өзге де құралдардың пайдаланылуы мен жөнделуін қамтамасыз ету.   

3

Негізгі лауазымдық міндеттер 

1)                  Құрылымдық бөлімше құзыретінің аясында Мекеменің стратегиялық және жылдық жоспарларын дайындауға және әзірлеуге қатысады;

2)                  Мекеме қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуге және мониторингтеуге қатысады;

3)                  Құрылымдық бөлімшенің мәселелері бойынша есептіліктің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

4)                  Мекеме басшылығының сұрау салуы бойынша жиынтық-талдау есепті қалыптастырады;

5)                  Құрылымдық бөлімше мен Мекеме басшылығының баяндамаларына, сөйлейтін сөздері мен есептеріне материалдарды әзірлеуді және жинауды қамтамасыз етеді;

6)                  Құрылымдық бөлімше құзыретінің аясында жұмысты ұйымдастыруда Мекеме бюджетінің құрылымдық бөлімше әкімшілік ететін баптарына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған Құрылымдық бөлімшенің бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысады;

7)                  Мекеменің тұтынушылар мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған маркетингтік зерттеулерін жүргізуді қамтамасыз етеді;

8)                  Мекеменің тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторингтеу процесі бойынша жұмысты жүзеге асырады;

9)                  Мекеме қызметінің табыстылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

10)              Мекеменің тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ерекшеліктерінің берілген талаптарын есепке ала отырып, баға ұсыныстарының мониторингі мен талдауды жүзеге асырады;

11)              Құрылымдық бөлімшенің құзыреті аясында Мекеменің қызметі жөніндегі ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады;

12)              Мекеменің қызметін жақсарту және көрсететін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;

13)              Мекеменің сервистік қызметтер көрсететін  бөлімшелеріне бақылау жүргізеді;

14)              Жасалған Шарттардың аясында көрсетілетін сервистің сапасы бойынша Мекеменің контрагенттерін (жалға алушыларын) бақылауды жүзеге асырады;

15)              көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әсер ететін факторларды анықтау мен алдын алуды жүзеге асырады;

16)              көрсетілетін қызметтердің сапасының тұрақты деңгейін қамтамасыз ету және оны барлық кезеңдерде талаптарға сәйкес арттыру үшін қажетті жағдай жасау бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;

17)              Мекеменің құрылымдық бөлімшелеріне сервистік қызметтер көрсету бойынша өтінімдердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етудің ай сайынғы мониторингін жүргізеді;

18)              қызметтерді алушыларға олардың сапасы мен орындалу мерзiмдерiне қанағаттанбауына әкеп соқтыратын себептердi айқындайды және талдайды.

5

Білімі

Жоғары білім, менеджмент, стратегиялық менеджмент, экономика және маркетинг салаларындағы бакалавр дәрежесі/Шетелдік ЖОО-ны бітіргені туралы дипломының  бар болуы міндетті

6

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа)

экономика/менеджмент саласындағы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы   

7

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері 

аналитикалық қабілеттер; баяндамалар, талдамалық жазбалар жасау дағдылары; таныстырылым материалдарын ресімдеу жөніндегі бағдарламаларды меңгеру

тіл табыса білушілік; командада жұмыс істей білу; күйзеліске төзімділік

8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу  (Өзіңіз меңгерген тілдер тізімін көрсетіңіз)

Ағылшын, орыс және  қазақ тілдерін еркін білу және меңгеру (жазбаша және ауызша)

9

Компьютерлік дағдылары

Word, Excel, Power Point, Illustrator және Photoshop (болғаны жақсы)

10

Түйіндемені беру мерзімі

e-mail: indira.kassymova@nu.edu.kz