Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар пәндерінің оқытушысы ассистенті

Түйіндемені жіберу

«Назарбаев Университеті» ДБҰ

1

Лауазымы:

Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар пәндерінің оқытушысы ассистенті

2

Кафедраның негізгі қызметтік міндеттері:

Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар саласындағы пәндердің жүргізілуіне көмек көрсету

3

Негізгі қызметтік міндеттері:

Ең бастысы, оқытушы ассистенті саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар бойынша ауқымды кіріспе курстарын жүргізуге жауапты оқытушы-профессорлар құрамына көмек көрсететін болады, сондай-ақ қажеттілігіне қарай көлемі бойынша аз курстарды да жүргізуге көмектеседі.

Негізгі міндеттерге мыналар кіреді:

•Оқытушыларға практикалық сабақтарды жүргізуге және сыныпты басқаруға көмек көрсету

•Тапсырмаларды және емтихандарды бағалау, нәтижелерін есептеп жазу

•Сынып сағаттарын өткізу

•Жеке немесе шағын топтарда студенттерге академиялық көмек көрсету

•Емтихандардың өткізілуі барысында бақылаушы қызметін атқару

•Оқу жоспарын әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектесу 

•Қажеттілігіне қарай оқытуға байланысты басқа да міндеттер

•Қажеттілігіне қарай кеңсе-техникалық қолдау көрсету

4

Еңбек шарттың мерзімі:

1 жыл

5

Білімі:

Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар саласындағы Магистр дәрежесі

6

Қажетті кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т.б.):

Ана тілі ағылшын тілі емес бакалавриат студенттерімен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы

7

Жеке қасиеттері:

Кәсіпқойлық, икемділік, білім беру процесінде студенттер мен оқытушыларға қолдау көрсетуге дайындық, бастамашылдық, сапа мен жете қарауға мұқияттылық. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға деген талпыныс.

8

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу:

Лауазымның сипаттамасын ескере отырып,  ана тілі ағылшын тілі болып табылмайтын үміткерлер үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру талап етіледі, сондай-ақ қызметкерлермен, оқытушылармен және студенттермен қарым-қатынаста (төтенше жағдайдан басқа) тек ағылшын тілін қолдану міндетті

9

Компьютерлік дағдылар:

MS Word және Excel; кафедрада пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаларды үйренуге және қолдануға әзір болу

10

Түйіндемені берудің соңғы күні:

2017 жылғы 1-ші Желтоқсанға дейін

Түйіндемелеріңізді hiring_shss@nu.edu.kz электрондық адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.

Өтініш: Email хабарлама тақырыбында “CV for TA position in Political Science and International Relations” көрсету