Сатып алу басқармасының аға менеджері

Түйіндемені жіберу

Негізгі қызметтік міндеттер:

– Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына және сатып алу саласындағы басқа да ішкі құжаттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты ішкі және өзге де құжаттарды білу;

– нақты өткізілген сатып алуды бақылау және талдау.

Негізгі лауазымдық міндеттер:

– жоспарлау бөлімшесімен (өз құзыреті шеңберінде) келісілген, Бастамашылардан алынған ақпарат негізінде тиісті қаржы жылына арналған Мекеменің жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) әзірлеу және Тізілімді өзектендіру;

– Тізілімге сәйкес сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Қағидаларда көзделген тәсілдермен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;

– бастамашысы бөлімше болып табылатын шарт жобасын әзірлеу, келісу, оның орындалуын бақылау;

– бөлімшенің құзыреті шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бастамашыларынан құжаттарды қабылдау және қарау;

– Мекеме тізілімін жүзеге асыру мониторингі бойынша жартыжылдық, жылдық жиынтық есептілікті қалыптастыруды жүзеге асыру;

– жұмыста сеніп тапсырылған мөртабандарды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету және пайдалану;

– бөлімше құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және жұмысты ұйымдастыру;

– бөлімшенің құзыреті шеңберінде сатып алу саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және енгізуге қатысу;

– лауазымдық міндеттер шеңберінде сатып алу саласындағы үйлестіру және әдістемелік басшылық ету;

– әлеуетті жеткізушілермен, Мекеменің құрылымдық бөлімшелерімен, заңды және жеке тұлғалармен және мемлекеттік органдармен бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасу үшін хат жобаларын дайындау;

– өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде бөлімше басшысының және Мекеме басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Іссапарға шығуы:

Көзделеді

Білім:

Жоғары кәсіптік;

Білім дәрежесі: Магистратура, бакалавриат немесе маман;

мамандықтардың басым бағыттары:

құқықтық және / немесе экономикалық.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі  (ұзақтығы, саласы және т.б.)

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады

– магистр дәрежесінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі; немесе

– мемлекеттік қызметтегі нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл бакалавриат немесе маман дәрежесінде, немесе Назарбаев Университетінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Кәсіби құзыреті және жеке қабілеттері

– Қазақстан Республикасының сатып алу саласындағы заңнамасын білу;

– электрондық сауда алаңдарында жұмыс істей білу;

– жауапкершілік;

– жеделділік;

– тіл табыса білушілік;

– командада жұмыс істей білу (құрылымдық бөлімшенің мүдделерінен ұйым мүдделерінің басымдығын сақтау);

– дамыған көшбасшылық қасиеттер;

– стресске төзімділік.

Тілдерді  білу 

Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру және ағылшын тілін білу құпталады

Компьютерлік дағдылар:

Word, Excel, PowerPoint, Internet Explorer, Outlook Express бағдарламаларымен жұмыс істей білу;

аналитикалық қабілеттер (жобалау, талдау).

 CV беру мерзімі:

тиісті үміткерді іріктеп (таңдап) алғанға дейін