Регистратор Офисінің бағдарламалар бойынша специалисті

Түйіндемені жіберу

Лауазымның атауы:

Регистратор Офисінің бағдарламалар бойынша специалисті

Департаменттің негізгі және қызметтік міндеттері:

Регистратор Офисі Университеттің студенттік деректер қорына, сонымен қатар білім беру үрдісін ұйымдастыру мен бақылауға жауапты академиялық бөлімі болып табылады.

Лауазымның негізгі және қызметтік міндеттері:

·        НУ-нің Мектептері/құрылымдық бөлімшелерімен өзінің құзыретінің аясында жұмыс атқару;

·        Мектептерден сабақ кестесін құру және регистрацияны іске асыру үрдістеріне қатысты деректерді жинау;

·        Регистрация мерзіміне дейінгі/кейінгі уақыттарда сабақтарға тіркеуді ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау;

·        Қорытында емтиханға қатысты мәліметтерді жинау және емтихан кестесін құру;

·        Функционалдық және жүйелік талаптарды анықтау;

·        Регистрар жүйесі бойынша жүйе құрастырушылармен жұмыс атқару және жүйені тестілеу;

·        Бөлмелерді үлестіру және броньдау бойынша модульді жаңарту және бақылау;

·        Регистрацияға қатысты формаларды өңдеу;

·        Қажет болған жағдайда Кеңсенің өзге де мәселелері бойынша жұмыс істеу;

·        Жетекшінің жүктеген басқа да тапсырмаларды орындау.

Білімі:

ИТ саласындағы бакалавр дәрежесі, магистр дәрежесінің болғаны артықшылыққа ие

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы,т.б.)

·        Деректерді жинау және білім беруге қатысты дерекқорлар бағдарламасында техникалық талаптарды анықтай білу;

·        Қолданушы интерфейсін жетілдіру;

·        Дерекқорлармен жұмыс істеу;

·        Жоғары білім саласында тәжірибесінің болуы артықшылыққа ие.

Кәсіби біліктілігі және жеке қасиеттері:

·        Аналитикалық дағдыларының болуы;

·        Басқару қабілеті;

·        Әр түрлі адам топтарымен бірге жұмыс істей білу;

·        Шешім қабылдай білу;

·        Мақсат қойып, жоспарды жүзеге асыру;

·        Топта жұмыс істей білу;

·        Күйзелісті жағдайларда жұмыс істей білу;

·        Қысқа мерзім ішінде тиімді жұмыс істей білу.

Тілдерді білу

Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік білу

Компьютерлік дағдылар:

MS Access, SQL, Oracle

CV-ді беру мерзімі:

Лайықты үміткер табылғанға дейін