Құжаттамалық қамтамасыз ету департментінің специалисті

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Құжаттамалық қамтамасыз ету департментінің специалисті

2

Бөлімшенің негізгі және функционалдық міндеттері

1.        Университетте құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;

2.        құжаттау, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру және жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау және құжаттарды Университеттің мұрағатына тапсыру жұмыстарының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;

3.        Университетте құжат айналымының көлемін қысқарту;

4.         ұйымдастырушылық және есептеу техникасы құралдарын пайдаланудың негізінде құжаттармен және ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа технологиялық процестерін әзірлеу, енгізу, оның ішінде құжаттар мен ақпараттық көрсеткіштердің құрамын реттеу

3

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері

1.                         Университеттің шығыс хат-хабарын қабылдау және оны тіркеуді, есепке алуды және сақтауды жүзеге асыру;

2.                         жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыздарын) қабылдау, оларды тіркеуді, есепке алуды, белгіленген мерзімдерде орындалуын бақылауды және сақтауды  жүзеге асыру;

3.                         жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (арыздары) бойынша істің жай-күйін және орындаушылық тәртіптің деңгейін талдауды жүзеге асыру, жауапты орындаушылар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларын құжаттардың орындалу мерзімі туралы жүйелі хабарлау, Университет басшылығына орындаушылық қызмет туралы ақпарат дайындау;

4.                  жеткізу қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру (шақыру, кері байланыс, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, орындалған актілер және салыстыру актілері бойынша қаражат шығысын бақылау);

5.                          Университеттің мөрлерін және мөртабандарын жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру, оларды есепке алуды және беруді жүргізу, оларды тексеру/жою бойынша актілер жасау;

6.                         бекітіліп берілген функционалдық салаларына сәйкес құжаттарды тіркеуді жүзеге асыру;

7.                         Университет қызметкерлеріне электронды құжат айналымы жүйесінде жұмыс жүргізу бойынша кеңес беру;

8.                         департаменттің бекітіліп берілген функционалдық салаларына сәйкес тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару мен мониторингтеу және тиісті есептілікті жасау  процестеріне қатысу;

9.                 департамент қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу

4

Іссапарлар:

Жоқ

5

Білімі:

Жоғары кәсіби, оқу ағылшын тілінде жүргізілетін жоғары оқу орындарындағы білімінің болғаны дұрыс

Мамандықтардың басым бағыттары:

–          құжаттаманы жүргіз;

–          заңгерлік;

–          басқа да гуманитарлық мамандықтар

6

ЖК білу:

Microsoft Оffice, Fine Reader, Nero Express, Acrobat, Power Point бағдарламаларымен, сондай-ақ  электрондық құжат айналымы жүйесінде  жұмыс тәжірибесінің бар болуы

7

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

мемлекеттік органдар мен коммерциялық басқармаларда іс қағаздарын жүргізу және құжаттау саласында 2 (екі) жылдан кем емес

8

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері

·        құжаттаманы басқару және іс қағаздарын жүргізу саласындағы заңнаманы білу

·        Университеттің құндылықтары мен мақсаттарын ұстанушылық

·        тіл табыса білушілік

·        күйзеліске төзімділік

·        тәртіптілік

·        жауапкершілік

·        командада жұмыс істей білу

9

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (меңгерген тілдерді көрсетіңіз)

функционалдық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік және ағылшын тілдерін қажетті көлемде білу

 

10

Түйіндемені беру мерзімі

Үміткерді таңдап алғанға дейін