Құжаттамалық қамтамасыз ету департментінің аға менеджері

Түйіндемені жіберу

1

Лауазымның атауы:

Құжаттамалық қамтамасыз ету департментінің аға менеджері

2

Бөлімшенің негізгі және функционалдық міндеттері

1.        Университетте құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;

2.        құжаттау, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру және жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау және құжаттарды Университеттің мұрағатына тапсыру жұмыстарының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;

3.        Университетте құжат айналымының көлемін қысқарту;

4.         ұйымдастырушылық және есептеу техникасы құралдарын пайдаланудың негізінде құжаттармен және ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа технологиялық процестерін әзірлеу, енгізу, оның ішінде құжаттар мен ақпараттық көрсеткіштердің құрамын реттеу

3

Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері

1)     Университеттің құжаттау, құжаттаманы басқару саласындағы қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды (ережелер, регламенттер, нұсқаулықтар) әзірлеу, оларды келісуді жүзеге асырады;

2)     Университет басшылығының шешімдерін тіркеу, есепке алу, беру, олар бойынша қажетті тізбені қалыптастыру, тапсырмалардың орындалуын бақылау; 

3)     Университеттің Істер номенклатурасын дайындау;

4)      Департаменттің бюджетін қалыптастыру, түзету;

5)      Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар дайындау;

6)      Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының іс қағаздарын жүргізушілерін оқыту;

7)      бизнес процестерді автоматтандыру, сондай-ақ электронды құжат айналымы жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша талаптар сипаттамасын әзірлеу;

8)     Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне, ұйымдарына іс қағаздарын жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, оларда іс қағаздарын жүргізудің ұйымдастырылуын тексеру.

4

Іссапарлар:

Жоқ

5

Білімі:

Жоғары кәсіби, оқу ағылшын тілінде жүргізілетін жоғары оқу орындарындағы білімінің болғаны дұрыс

Мамандықтардың басым бағыттары: құжаттаманы жүргізу (осы мамандық болмаған жағдайда, құжаттау саласындағы біліктілігін арттырудан өткені туралы сертификаттарының болуы); заңгерлік; басқа да гуманитарлық мамандықтар

6

ЖК білу:

Microsoft Оffice, Fine Reader, Acrobat, Power Point бағдарламаларымен жұмыс істей білу, сондай-ақ  электрондық құжат айналымы жүйесінде  жұмыс тәжірибесінің бар болуы

7

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, түрі және т.б.)

–         магистр дәрежесінде мамандығы бойынша жұмыс өтілі нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы мамандық бойынша 5 (бес) жылдан кем емес;

немесе

– бакалавр немесе маман дәрежесінде нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы мамандық бойынша 7 (жеті) жылдан кем емес;

– немесе Назарбаев Университетіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес

Құжаттамалық қамтамасыз ету, мұрағат ісі саласындағы 4 (төрт) жылдан кем емес жұмыс өтілі болғаны дұрыс

8

Кәсіби білімі мен жеке қасиеттері

·        құжаттаманы басқару және іс қағаздарын жүргізу саласындағы заңнаманы білу

·        аналитикалық қабілеттері

·        баяндамалар, талдамалық жазбалар дайындау дағдылары

·        ұйымдастырушылық дағдылары

·        Университеттің құндылықтары мен мақсаттарын ұстанушылық

·        тіл табыса білушілік

·        күйзеліске төзімділік

·        тәртіптілік

·        жауапкершілік

·        командада жұмыс істей білу

9

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (меңгерген тілдерді көрсетіңіз)

функционалдық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік және ағылшын тілдерін қажетті көлемде білу

 

10

Түйіндемені беру мерзімі

Үміткерді таңдап алғанға дейін