Қосымша білім беру департаментінің маманы

Түйіндемені жіберу

1.       

Лауазымның атауы

«NUGSE» ЖМ Қосымша білім беру департаментінің маманы

2.       

Негізгі қызметтік міндеттері

–          Мектеп, жоғары оқу орындары мен колледждердің әкімшілік-басқару және оқытушы құрамына арналған біліктілікті арттыру курстары (әрі қарай – Курстар) шеңберінде сапалы және уақтылы қызмет көрсету .

3.       

Негізгі лауазымдық міндеттері

–         Департамент іске асыратын жобаларына логистикалық, әкімшілік қолдау жасау;

–         Департаменттің ағымдағы жобалары бойынша серіктестермен ресми хат-хабарларды жүргізу;

–         Біліктілікті арттыру курстарына қатысушы курс консультанттары, дәріс оқытушылары, шақыртылған сарапшылар мен курс қатысушыларымен жұмыс жасау;

–         Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасын, контенті мен жоспарын келісу бойынша жұмыс атқару;

–         Біліктілікті арттыру курстары қатысушыларын іріктеу және тарту жұмыстарына қатысу;

–         Ағымдағы және жоспарланған жобалар бойынша тиісті қаржы жылына Мектептің/Департаменттің бюджеттік өтінімін дайындау мақсатымен ақпарат дайындау;

–         Мектептің/ Департаменттің жоспарын құруға және жүзеге асыруға қатысу.

4.       

Іс-сапарға шығу

Қарастырылған

5.       

Білімі

 

–          Жоғары білім;

 

6.       

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтылығы, саласы, басқа)

–          Білім беру саясаты, бағдарламаларды құрастыру, бағдарламаларды бағалау, үйлестіру саласындағы кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі.

–          Жобаларды іске асыру тәжірибесі;

–          Халықаралық команданың мүшесі ретіндегі тәжірибесі.

7.       

Кәсіби құзыреті және жеке қасеттері

–        Талдау дағдылардың болуы;

–        Команда мүшесі ретінде сонымен қатар жеке түрде жұмыс атқару мүмкіндігі;

–        Белгіленген мерзімде тиімді жұмыс істей білу;

–        Есеп, баяндама, талдау хаттарын жазу дағдыларына ие болу.

8.       

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері

–        Тіл табыса білу, бастамашылдық, мақсатқа бағытталушылық, жасампаздық;

–        Түрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істей білу.

9.       

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткердің тіл бойынша талаптары)

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша дағдылары міндетті.

10.   

Компьютерлік дағдылар

Компьютерді меңгерудің жоғары деңгейі, Microsoft Word, Excel бағдарламалырын білуі және интернетпен жұмыс істей алуы.

11.   

Түйіндемені беру мерзімі

Лайықты үміткерді таңдап алғанға дейін. Түйіндемені мемлекеттік және ағылшын тілдерінде  gse@nu.edu.kz электронды поштасына жіберу қажет. Тақырыпта “Маман (Қосымша білім беру департаменті) лауазымына түйіндеме” деп көрсетуінізді сұраймыз.