Қаржы және бухгалтерлік есеп пен есептілік басқармасының аға бухгалтері

Түйіндемені жіберу

Негізгі лауазымдық міндеттері:

 

 

Мекеменің Жарғысы мен Регламентін сақтау;

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен, Мекеменің Есеп және Салық саясатымен регламенттелген бухгалтерлік есеп қағидаттарын басшылыққа алу;

Мекеменің еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелеріне Мекеме мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету, консультация беру;

Мекеменің меншігіндегі немесе оған жедел / сенімгерлік басқаруға берілген негізгі құралдардың есебін жүргізу;

Мекеменің меншігіндегі немесе жедел / сенімгерлік басқаруындағы мүліктің келіп түсуі, қозғалысы және алынуы жөніндегі қаржылық ақпаратты уақтылы қалыптастыру және басшылыққа ұсыну;

Негізгі құралдардың сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

Қорлар мен негізгі құралдарды есепке алу бойынша тіркелімдерді уақтылы, дұрыс және толық қалыптастыруға жетекшілік ету;

Материалдық жауапты тұлғалардың қызметін және Мекеменің сақталатын жерлердегі мүлкінің тиісті есепке алынуын бақылау;

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мекеменің мүлкін түгендеуге қатысу;

Түгендеу нәтижесі бойынша анықталған жетіспеушіліктер сомасының өтелуін бақылау;

https://esf.gov.kz порталында электрондық шот-фактураны уақтылы және тиісінше қалыптастыру, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, оның ішінде заңнамаға сәйкес «Алу тізбесіне» кіретін тауарлар бойынша жеткізушілердің электрондық шот-фактураларының негізделіп және тиісінше ұсынылуын және ІЭҚ ТН кодтарының тауарға сәйкестік сертификаттарына сай келуін, сондай-ақ қажет болған жағдайда электрондық шот-фактуралардың уақтылы бастартылуын бақылауды қамтамасыз ету;

Өз ұзыретінің аясында Мекеменің Есеп және Салық саясатына және басқа да ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды уақтылы енгізу;

Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

Аттестаттаудан уақтылы өту және біліктілікті арттыру;

Бас бухгалтердің тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындау.

Іссапарға шығу:

 

Талап етілмейді

Білімі:

Жоғары қаржылық және/немесе экономикалық білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы): 

Мамандығы бойынша ең аз жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес;

Мемлекеттік немесе коммерциялық немесе коммерциялық емес немесе халықаралық  ұйымдардағы жұмыс тәжірибесінің бар болуы

Кәсіби құзыреті және жеке қасиеттері: 

Аналитикалық қабілеті, баяндамалар, талдамалық жазбалар дайындау дағдылары, командада жұмыс істей білу (ұйым мүдделерінің құрылымдық бөлімше мүдделерінен  басымдылығын сақтау);

 

Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы

 

Сертификатталған тәжірибелі бухгалтер біліктілігінің (CAP) болуы.

Жеке құзыреті мен қабілеттері:

Дамыған көшбасшылық қабілеті, тіл табысу білуі, стреске төзімділігі.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (Өзіңіз меңгерген тілдер тізімін көрсетіңіз):

Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі, ағылшын тілін білуі (білгені жақсы).

Компьютерлік дағдылары:

Word, Excel6 Power Point, Internet Explorer, Outlook Express, 1C:Бухгалтерия бағдарламаларымен жұмыс істей білуі