Қаржы департаментінің аға менеджері
1 | Лауазымның атауы: | Қаржы департаментінің аға менеджері |
2 | Бөлімшенің негізгі және функционалдық міндеттері: | 1) бухгалтерлік және салық есебін жүзеге асыру, 2) шынайы қаржы және салық есептілігін уақтылы жасау мен ұсыну және салықтық міндеттемелерді орындау; 3) шаруашылық жүргізу шарттарын келісу, тіркеу және мониторингтеу; 4) Университет мүлкінің сақталуын, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін және қаржылық тәртіптік сақталуын бақылау; 5) Университет басшылығы қойған басқа да міндеттер болып табылады. |
3 | Лауазымның негізгі және функционалдық міндеттері | – шарттардың жобаларын сараптау; – жасалған шарттардың аясында Университетке қатысты шығарылған банктік кепілдемелер мен сақтандыру шарттарын тексеру; – жасалған шарттардың аясында төлемдерді мониторингтеу, есептеу-сметалық құжаттаманы тексеруді жүзеге асыру; – Университет өткізетін конкурстарға қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қаржылық сараптауды жүзеге асыру; – жасалған шарттардың аясында банктік кепілдемелерді қайтаруға құжаттарды сараптауды жүзеге асыру; – еншілес компаниялардың/мектептердің қызметі аясында ұсынылған есептерді, қаржылық құжаттарды тексеру; – сыртқы ұйымдармен жасасқан шарттардың аясына ұсынылған есептерді, қаржылық құжаттарды тексеру; – ақша қаражатының қозғалысы туралы жоспарларды тексеру, құрастыру және шоғырландыру; – дебиторлық және кредиторлық қарызды талдауды жүргізу; – әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу, бөлімшенің бизнес-процесстерін автоматтандыруды жүзеге асыруды қадағалау және тапсырма қою; – құзырет шегінде кез-келген өзге ұйымдастырушылық, техникалық және әкімшілік міндеттерді орындау. |
4 | Білімі: | – жоғары кәсіптік білімі, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, бизнес әкімшіліктендіру саласындағы оқу орнының бакалвар/магистр дәрежесі болуы. – СIMA сетрификатының, ҚР кәсіби бухгалтері дипломының, ДипИФР және/немесе АССА болуы үміткердің артықшылығы болып табылады. |
5 | Қалаған кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы және т. б.) | Магистр дәрежесін иелігі кезінде лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салада мамандығы бойынша облыстарда, сонлай-ак компаниялардың қаржы және экономикалық бөлімшелерінде жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; немесе бакалавр дәрежесін немесе маман иелігі кезінде, лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салада мамандығы бойынша облыстарда, сонлай-ак халықаралық немесе ұлттық компаниялардың қаржы және экономикалық бөлімшелерінде 7 жылдан кем емес жұмыс өтілі, немесе Назарбаев Университетінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек. |
6 | Кәсіби білімі және жеке басының сипаттамалары | – ҚР азаматтық, еңбек, салық заңнамасын білу, – ҚР төлемдер, валюталық реттеу, банктік қызмет, бухгалтерлік есеп және ХҚЕС туралы заңнамасын білу, – талдамалық қабілеттілік; – жауапкершілік, адалдық, бастамашылдық, ұйымға бейілділік; – сабырлылық; – жеке және топтық жұмысқа қабылеттілік, – жақсы қарым-қатынас дағдылары және әріптестерімен сау іскерлік қатынастар орнату қабылеті; – жұмысты жоспарлау және өзгерістерге уйрену қабылеті, – көшбасшылық дағдылары және ұйымдастырушылық қабылеті; – түрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс тәжірбиесі. |
7 | Тілдерді меңгеру деңгейі | – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жақсы ауызша және жазбаша дағдылардың болуы |
8 | Дербес компьютерді пайдаланудың дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі): | Microsoft Office (Microsoft Word, Excel, PowerPoint), 1С: Предприятие, Директум – ЭҚАЖ, Параграф АЖ. |
9 | Түйіндемені тапсыру мерзімі | 2019 жылдың 25 қаңтарына дейін. |